Коммуналдық қызметтер тарифі неге өсіп жатыр?

Коммуналдық қызметтер тарифі неге өсіп жатыр?

     Бұл сауалға брифинг барысында жауап берген табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасы міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай: «Болжам бойынша елімізде 1 қыркүйекте коммуналдық қызметтер тарифі орташа 3,5 пайызға өседі. Өңірлерде көрсеткіш осы межеде ауытқуы мүмкін. Тарифтің шекті деңгейіне көмір, газ, электр энергиясы, мазут сияқты стратегиялық маңызы бар тауарлардың бағасы әсер етеді. Мысалы, жылу және электрмен қамту қызметінің шекті тарифін жанар-жағар майдың өзіндік құнының 50 пайызы құрайды. Газбен қамтудың шекті тарифінің 80 пайызы газдың көтерме бағасына байланысты. Тарифтердің өсуіне тауарлы газдың көтерме бағасының 10 пайызға өсуі, энергия өндіруші кәсіпорындардың электр энергиясы тарифін орташа алғанда 15 пайызға қымбаттатуы мен қалпына келетін энергия көзін пайдалану үшін қосылған үстеменің енгізілуі де әсерін тигізіп отыр. Энергия өндіруші кәсіпорындардың қалпына келетін энергия көзін пайдалану үшін қосылған үстемесін есепке алғанда жыл басынан бері тариф орташа алғанда 7,2 пайызға өсті. Реттеуге келмейтін факторлар қатарында табиғи монополиялар субъектілеріне иесіз жүйелерді беру, олардың сенімді басқаруға алынған жүйелердің шығындарын өтеуі, көмір бағасының өсуін атап өтуге болады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл коммуналдық қызметтер тарифі бағаны ұстап тұру нәтижесінде өткен жылдың деңгейінде қалды. Ведомство жыл соңына дейін коммуналдық қызметтер тарифінің негізсіз өсуіне жол бермеуді жоспарлап отыр»,— деп мәлімдеді.  

Ермек Сахариев

Ермек Сахариев
24.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14134
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14081
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29220
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27862
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31387