Бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында, көпбалалы аналарды Президент Жарлығымен тағайындалған "Алтын алқа" және "Күміс алқа" наградаларымен марапаттады. ⠀
⠀
Кездесуде аудан әкімі көпбалалы аналардың еліміздің демографиялық ахуалын арттыруға қосқан үлестерін ерекше атап өтіп, мерекелік ізгі тілектерін білдірді. ⠀
⠀
Аудан әкімі: "Құрметті аналар! Сіздер бүгінгі күннің батырысыздар. Өйткені, еліміздің демографиялық ахуалын арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы орайда сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Осынау Жаңа жыл мерекесінде баршаңызды құттықтап, отбасыларыңыз, өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз аман болсын", – деді. ⠀
⠀
Аудан әкімі өтіп бара жатқан жылдың жетістіктері жайлы айтып, алдағы жылдың жоспарларымен бөлісті. ⠀
⠀
Сонымен қатар аудан әкімі ұзақ жылдар бойы білім саласында еселі еңбек еткен сала ардагері Бопиева Сапаркүл Тұрғанбайқызына «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» бегілісін табыстады.⠀
⠀
Сондай-ақ салтанатты жиында Жорабек Нұрмергенұлы желтоқсан айында Қордай, Шу аудандарында ауа-райының қолайсыздығына байланысты орын алған төтенше жағдай кезіндегі азаматтарды құтқару іс-шараларындағы батылдығы мен қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға алғыс білдіріп, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.