Көпбалалы аналарға жағдай жасалуда

 Көпбалалы аналарға жағдай жасалуда

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген қазақ мақалы бекер айтылмаса керек-ті. Отан отбасынан басталатынын ескерсек, сол отбасының жылуын арттырып, шуақ таратып отыратын аналардың қалауы мен жағдайы мемлекет үшін әрқашан маңызды болуға тиісті.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев: «Көпбалалы аналардың жағдайы – әлеуметтік саланың барометрі. Дені сау анадан дені сау ұрпақ туады. Сапалы медициналық көмек, лайықты білім алған баладан отаншыл, мықты азамат шығады. Яғни адам капиталын дамыту аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартумен тікелей байланысты. Аналарымыз отбасының ғана емес, қоғамның да ұйытқысы екенін ұмытпауымыз керек», – деп атап өткен болатын. Бүгінде Алматы қаласында көпбалалы аналар мен қарт адамдарды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» және «Белсенді ұзақ өмір» Жол карталары іске асырылуда. «Бір терезе» принципі бойынша құрылған «Бақытты отбасы» орталығы ашылған. Онда заңгерлер, психологтар, жаттықтырушылар және т.б. жұмыс істейтін болады. «Бақытты отбасы» қайырымдылық қоры құрылып, меценаттар мен жұртшылықтың арқасында қомақты қаражат жинап үлгерді.  Мыңнан астам отбасына материалдық көмек көрсетілді. Алматы елімізде алғаш болып «Бақытты отбасы» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Алматы қаласы бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру, тұрғын үй мен тұрмыстық жағдайды жақсарту, еңбекпен қамту, бүлдіршіндерді балабақшаға орналастыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетудің кешенді шаралары бойынша мүгедек баланы үйде оқытуға кететін шығынның орнын толтыру үшін берілетін атаулы  көмек пен қиын жағдай туындаған кезде бір рет көрсетілетін әлеуметтік көмек көлемі артқан. Тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша шығынына өтемақы төлеу мәселесі де жолға қойылған.

Жуырда Алматы қаласының әкімі  Ерболат Досаев аудан әкімдерінің қаланың көпбалалы аналарымен 2023 жылғы сәуірге арналған кездесулерінің тиісті кестесін бекітті. Аудан тұрғындарымен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты аудан әкімдері көпбалалы аналармен кездесу өткізіп,  аналардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап, шешуді тапсырды. Сұхбаттасуға келген аналар көбінесе әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін арттыру, тұрғын үй мен тұрмыстық жағдайды жақсарту, еңбекпен қамту, бүлдіршіндерді балабақшаға орналастыру бойынша көмек сұрайтыны белгілі.  Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2023 жылдың наурыз айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен  кездесу өткізді. Басқосуда олардың мәселелерін шешу жайы талқыланды. Бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкіметтік, өңірлік деңгейде көпбалалы отбасыларға жүйелі қолдау шараларын қолға алу жөніндегі жұмыс топтары құрылған болатын. Аналармен кездесу қаладағы барлық ауданда өтті. 

Кездесуге барлығы 114 көпбалалы отбасы келіп, әкімдерге 129 сұрақ жолданды. Оның 80-і бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 18 мәселе пысықталды.

 Негізгі мәселелер:

 Тұрғын үй алу (кезекке қою) – 24;

Білім (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Аrt sport бағдарламасы.sport) – 14 ;

 Денсаулық сақтау – 10 ;

Әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) – 18;

ТКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 14;

Жұмысқа орналасу және бизнес гранттары – 4;

 Көлік – 4;

Басқалары – 41 .

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанда кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп баланы асырап отырған 440 мыңға жуық отбасы бар. Қазақстанда көпбалалы аналар мәселесі өз деңгейінде шешілуі қажет. 

ГАУҺАР ТҰРСЫНҚОЖА
06.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 225
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 592
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 535

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9239
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8636
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11862
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9633
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10844