Кореядан Түлкібасқа келін болып түскен Суджин Ли бауырсақ пісіріп, ет асуды үйреніп алды

Кореядан Түлкібасқа келін болып түскен Суджин Ли бауырсақ пісіріп, ет асуды үйреніп алды

 - Түркістан облысына келін болып түскен корей қызы бауырсақ пісіріп, ет асуды үйреніп алды.

Сәкен мен Суджин Лидің отау құрғанына екі айға жуық болды. Корей қызы Түлкібасқа келін болып түскен соң қазақы дәстүрмен беташар өтті.

Екі жастың некесі де мешітте қиылды. Қазір кәріс келін атасы мен енесіне дәмді ас әзірлеп, сәлем салуды тәп-тәуір меңгеріп алған.

Қазақ тілін енді үйреніп жүр. Сондықтан, көпшілікпен сөйлескенде жолдасы Сәкен аудармашылық жасайды.

photo

«Келінім күнде таңертең сәлем салатын. Содан мен тоқтатып тастадым. Қазір екі-үш күн қыдырып келгенде ғана сәлем салады. Соған үйреттік. Ал, қалаға қыдырып келгенде апасын құшақтап, сағынғанын сездіреді», - дейді атасы Бауыржан Мақұлбеков.

Сәкен Кореяда 4 жылға жуық жұмыс істеді. Сол жақта жүргенде Суджин Лимен танысқан.

Көпқабатты үйде тұратындықтан әке-шешесімен де кездесіп жүріпті. Таныстық соңы махаббатқа ұласты.

Содан корей қызын жар етіп алғысы келетінін айтып, жүрегін ұсынды. Ата-анасының алдынан өтті.

photo
Корей жағы бұл ұсынысқа тосырқап қалғанымен кейіннен екі жастың бақыты үшін келісімін берді.

Ал, түлкібастықтар ұлының Оңтүстік Кореядан келін әкеле жатқанына қатты қуанды.

«Балам қоңырау соғып, келін екеуіне билет алып қойғанын айтты. Жас емес қой, шешіміне қарсы болмадық. Қазір келінімізді іздеп отырамыз. Екі-үш күн қалаға кетсе сағынып қаламыз»,- дейді қария.

photo

Суджин Лиге алғашқыда Түлкібастың ауа райы ыстық көрінген. Басы ауырып, мазасызданған. Дегенмен қазір үйреніп қалды.

Ақ орамалын басынан тастамайды. Шалбар кию дегенді де құп көрмейді.

Шайын қойып, асын әзірлеп, ата-енесіне бәйек болып жүр. Тіпті, қазанға асылған етті де дәмді етіп пісіреді.

Сорпасына дейін бөлек дайындап, айран қосып дастарханға әкеледі. Тек сиыр саууға енесі әлі рұқсат етпепті.

«Бір ғана сиырымыз бар. Оны үйдегі өзге келіндер-ақ сауып алады. Сондықтан оған рұқсат етпедік», - дейді енесі.

photo

Жалпы Суджин Ли кішкентай бүлдіршіндерді жақсы көреді. Қайынағалары мен абысындарының балаларын ойнатып, солармен көп серуендейді.

Алғашқыдағы көбіне күріш пен ащы тағамдарды жегенді ұнататын. Қазір талғамайды.

«Келініміздің құжаттарын реттеу жағы қиындық тудырып жатыр. Тіпті «депорт» жасап жібере ме деп уайымдап отырмыз. Себебі, Кореядан біраз құжаттар алдырып осында тіркеуіміз қажет. Соған елшіліктен үлкен көмек болса деген өтінішіміз бар. Барлығы реттелген соң Кореядан құдаларды шақырып, ұлан-асыр той жасауды жоспарлап отырмыз», - дейді Бауыржан Мақұлбеков.

photo
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат
03.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 62
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 61
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796