Кореялық компания Жамбыл облысында жылу электрстанциясын салады

Кореялық компания Жамбыл облысында жылу электрстанциясын салады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов кореялық Securo компаниясының өкілдерімен кездесті.

Компания президенті Ким Чун Хо Securo компаниясының ағымдағы қызметі, инвестициялық жобалары және алдағы жоспары туралы хабарлады. Сондай-ақ, ол инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда, архитектуралық жобалауда жаңа технологияларды қолдану,  экологиялық таза электр энергиясын өндіруде, IT саласында заманауи тәсілдерді пайдалану жөнінде жан-жақты тоқталды.

Нұржан Нұржігітов кәсіпкерді өңірді дамытудың негізгі бағыттарымен таныстырып, агроөнеркәсіп кешенін, өнеркәсіпті, жаңартылатын энергия салаларын дамыту бағытындағы жұмыстарды атап өтті.

Аймақ басшысы мен кореялық компания президенті энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын жан-жақты талқылады. Компания облысымызда қуаттылығы 270 МВт жылу электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Ол бойынша 500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Жоба құны 180 млрд. теңгені құрайды.

Сондай-ақ тараптар 400 жаңа жұмыс орны құрылатын (өндірістік қуаты – жылына 60 мың тонна) ферросилиций өндіру жобасын іске асыру жоспарын қарады.

Кездесуде облыс орталығындағы Smart-city құрылысы барысында ІТ-технологияларды енгізуге айрықша назар аударылды.

– Жылу электр орталығы – маңызды нысан. Жобаның жүзеге асуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, бюджетке түсетін салық түсімдері мен инвестицияның артуына септігін тигізіп, облыс экономикасына оң әсерін береді, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Ким Чун Хо Жамбыл облысындағы жаңартылатын энергия секторын дамытудағы жұмыстарды жоғары бағалап, жобаларды қолдау білдірген өңір басшылығына алғысын жеткізді.

Жамбыл облысы әкімдігі
01.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 260
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 394
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 390
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 620
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 563

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9265
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8661
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11888
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9661
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10870