Көршілермен ренжіскен емеспіз

Көршілермен ренжіскен емеспіз

Масаншы және Сортөбе ауылдарында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды.

Алдымен БАҚ өкілдері Сортөбе ауылында дүнген этносымен бірге тату тұрып келе жатқан Ерболат Деркенбаевтың шаңырағында болды. Айта кетсек, жиырма мыңнан астам тұрғыны бар Сортөбе ауылында бүгінде жиырмаға жуық қазақ отбасы тұрып жатыр. Оның ішінде төрт түтін – Деркенбаевтар әулетінің құтты қонысы.

– Бала күннен бері дүнген ағайындармен тату-тәтті ғұмыр кешіп келеміз. Ағайынды төртеуіміздің де көршілермен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бір-бірімізге көмегіміз тиіп, қолұшын созудан аянбаймыз. Өзімнің төрт ұлым, немерем бар. Матай атамыз өте қадірлі кісі болған, дүнген ағайындардан ашаршылық кезінде 62 баланы өкіл баласы етіп, қамқорлық көрсеткен. Колхозда еңбек етіп, мал баққан атамыздың өкіл балаларының барлығымен күні бүгінге дейін араласып тұрамыз. Дүнгендер егіннің ебін тапқан іскер халық қой. Егін науқаны кезінде білгендерімен бөлісіп, көмек көрсетіп, ауылдың жүгін жұмыла көтеріп келеміз. Осы күнге дейін көршілермен ренжіскен емеспіз. Балаларымыз да тай-құлындай бірге өсіп келеді, – дейді әулеттің үлкені Ерболат Деркенбаев.

Ал, Масаншы ауылында қазақ халқымен мың жылдық құда болып отырған отбасылар да аз емес.

– Өзім ауылдағы балабақшада талай жылдан бері қазақ, дүнген ұлтының бүлдіршіндеріне тәрбие беріп келемін. Қызым қазақ жігітке тұрмысқа шығып, қазір Тараз қаласында тұрып жатыр. Ұлым 2020 жылы қазақ қызымен шаңырақ көтеріп, қазір немере бағып отырмын. Келінім Ақтөбенің тумасы. Құдаларымызға жиі-жиі қонаққа барып тұрамыз, келесі айда ақтөбелік құдаларымызды ауылымызда күтеміз. Бір сөзбен айтқанда, біздің жанұямыз үшін бірлік пен татулықтан қымбат бақыт жоқ, – дейді Масаншы ауылының тұрғыны Амине Туншанло.

Келіні Әлия Айтқұлова мен ұлы Рамазан Сабаз Қытайдың Гуанджоу қаласында оқып жүріп танысып, жұп жарастырған. Қазіргі таңда Алматыда тұрып жатқан жас отбасы ауылдан қол үзбеген. Жазғы уақытта немересі Темірлан да әжесінің жанында. Осылайша сүттей ұйыған әулет бейбітшілік пен береке-бірліктің бесігін тербетіп отыр.

 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ Қордай ауданы
13.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 142
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 176
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 142
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 289
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 288
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 504
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 462

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9160
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8558
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11785
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9553
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10766