Көш басында – аналар

Көш басында – аналар

Жуырда, яғни сәуірдің 21-і күні  Алматы облысы  Аналар кеңесінің  «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асыру  жобасы аясында «Отбасы – тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы  №24  лицейде семинар-тренинг өтті. 

«Бала тәрбиесінің психологиялық аспектілері және баланың табысты болуына ата-ананың әсері» тақырыбына,  мәнді де мағыналы мағлұмат берген семинар-тренингті Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласынан келген клиникалық психолог, «РУХ» психология және тұлғаны дамыту орталығының директоры Резеда Баймухамбетова жүргізді. 

Тренингке қатысушылар еркін сыр-сұхбаттан өмірлеріне қажеттіні алары сөзсіз. 

Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Ақбасова «Рухтың күші – әкеде» тақырыбын өмірлік тәжірибесімен сабақтастыра  отырып, кеңінен әңгімеледі.

Тәлімдік мән-мағынасы өте зор іс-шара Чапаев ауылындағы Мәдениет үйінде жалғасты. 

«Бақытты ана – бақытты бала» тақырыбында әйелдердің жеке дамуы мен рухани өсуі бойынша  өткен конференцияда аудан әкімінің орынбасары  Серікжан Ибраев сөз бастап, қонақтармен таныстырды.  Облыстық «Ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ директоры сөз алып, жобаның  мақсаты жөнінде  мәлімет берді. 

Өңірдегі Аналар кеңесінің ауқымды істерін, қоғамдағы аналардың зор рөлін, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы  Гүлнар Жошыбаева,    «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»  жобасының жүзеге асырылуы жайында Жетісу облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева,   «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының  қызметі мен мақсатын» Ұйғыр ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжахан Аликеева, «Медиация қызметі – заман талабы» тақырыбын заң ғылымдарының кандидаты, профессор, кәсіби медиатор-бітімгер, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі Бақыт Чингаева,  мектеп базасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубын құру туралы Ұйғыр аудандық білім бөлімінің басшысы Мөлдір Құрманғалиева, «Рухтың күші – әкеде» жобасын Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Аналар кеңесінің төрайымы  Ғалия Ақбасовалар   кеңінен баяндады.

Аталмыш іс-шара соңынан «Қоғамдық келісім» КММ директоры Марат Илипов пен аудан әкімінің орынбасары Серікжан Ибраев  14 Ассамблея белсенділеріне сыйлықтар тапсырып, марапаттады. Жиналған жұртшылық «Бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеген»  дана аналардың ғибраттарынан тағылымды ой түйіп тарқасты. 

Шараға Ұйғыр, Кеген, Райымбек, Балқаш, Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қонаев қаласы Ассамблея құрылымдарының төрағалары мен белсенділері, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшылары, аудандық білім, денсаулық сақтау  саласының қызметкерлері, студенттер, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары, қоғамдық медиаторлар, ауылдық округ әкімдіктерінің осы салаға жауапты мамандары, жастар нұсқаушылары, этномәдени орталықтың белсенділері қатысты

 

ГҮЛМИРА САЯҚҚЫЗЫ, Алматы облысы Іле ауданы
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан республикалық акциясы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 15
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 28.04.2024 18
Бірлік жарысы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 14
Тараз таза қала
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 13

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1093
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7140
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10991
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7203
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7348