"КӨШ КЕРУЕНІ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШЕРУ ШЫМКЕНТТЕ ӨТЕДІ

"КӨШ КЕРУЕНІ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШЕРУ ШЫМКЕНТТЕ ӨТЕДІ

2026 жылғы 8-10 мамыр күндері Шымкент қаласы, Асар шағын ауданында қазақ халқының жаңа тарихындағы аса маңызды белес – Ұлы көштің 35 жылдығына арналған «Көш керуені» атты салтанатты шеру мен мәдени-рухани іс-шаралар кешені өтеді.

Бұл тағылымды басқосу – тәуелсіздік жылдарында тарихи Отанына оралған қандастардың ел дамуына қосқан үлесін дәріптейтін, бірлік пен бауырластықты айшықтайтын маңызды мереке. Ұлы көш – тек көші-қон үдерісі ғана емес, ол – ата жұртпен қайта қауышқан халықтың тағдыры, ұлттың тұтастығын нығайтқан тарихи кезең.

 

Асар – Ұлы көштің тірі шежіресі

Бүгінде 30 мыңнан астам қандас қоныстанған Асар шағын ауданы – Ұлы көштің жарқын жемісінің бірі. Бұл мекен – алыс-жақын шетелдерден келген қазақтардың жаңа ортаға бейімделіп, еңбек етіп, ел игілігіне үлес қосып отырғанының нақты дәлелі.

«Көш керуені» шеруі аясында Асар шағын ауданының жетістіктері жан-жақты таныстырылады. Атап айтқанда:

- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жетістіктері;

- заманауи мектептер мен білім беру ошақтарының жұмысы;

- «Дәннен – дарақ» жобасы аясында жүзеге асқан жылыжай кешеніндегі тропикалық өсімдіктер көрмесі;

- қандастар арасынан шыққан қолөнер шеберлерінің көрмесі;

- жергілікті кәсіпкерлердің өндірістік және кәсіпкерлік нысандары.

Бұл көріністер – елге келген ағайынның адал еңбегі мен табандылығының, бірлікпен құрылған жаңа өмірдің айғағы.

 

Рухани кеш – ұлтқа тағзым

Іс-шараның мазмұнды бөлігі ретінде Моңғолиядан көшіп келген қандасымыз, ақын, сазгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері Ясира Заханқызының арнайы шығармашылық кеші өтеді.

Бұл кеш көшпен келген жүректің үні, сағыныш пен шүкірліктің, туған Отанға жеткен қуаныштың музыкалық шежіресіне айналмақ.

Сонымен қатар, Өзбекстанда дүниеге келген белгілі ақын Өмірзақ Қожамұратовтың 90 жылдық мерейтойы аясында әдеби-рухани кеш ұйымдастырылып, оның шығармашылығы мен ұлт руханиятына қосқан үлесі кеңінен дәріптеледі.

– Ақын, философ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Халықаралық Түріксой ұйымы Бас хатшысының кеңесшісі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы филиалының басшысы Мұратхан Шоқан «Қандастар үлесі» кітабын таныстырып, жыр оқиды.

Шара аясында қазақ өнерін дәріптейтін бірқатар өнерпаздар да арнайы өнер көрсетеді.

Атап айтқанда, Алаш сыйлығының иегері, ақын Мағиза Құнапия және Гиннес рекордтар кітабына енген спорт шебері Жамали  Дихан- ұлы өз өнерлерін ұсынып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлайды.

 

Ұйымдастырушылар:

Аталған ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Шымкент қаласы Асар шағын ауданының әкімшілігі мұрындық болып отыр.

Бұл басқосу – елге келген қандастар мен жергілікті жұртшылықты біріктіріп, ұлттық тұтастық пен бауырластықты нығайтатын маңызды алаң.

 

Маңызы:

«Көш керуені» – өткенге тағзым,  бүгінге баға, болашаққа аманат.

Бұл мереке – Ұлы көштің рухы өшпегенін, қазақтың қай жерде жүрсе де бір халық, бір тағдыр екенін айшықтайтын ұлттық бірлік мерекесі.

 

Ұлы көш – тарих

Ал сол тарихты жалғастыратын – бірлігі бекем, рухы асқақ қазақ халқы.

01.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24155
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23826
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41296
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37211
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41503