Құрметті Президент! 9 мамыр Алматыда мынадай сұмдық іс-шара өтіпті. Хабарыңыз бар ма?! Қазақ ұлтын қынадай қырған, ұлтымыздың табиғи өсім-дамуы мен ұлттық тегіне орасан зор қиянат жасаған қандықол Сталин мен Берияның портретін алып, ҚР Қарулы Күштерінің офицерлері осылай жүрсе не болғанымыз?! «Балық басынан шіриді» деген осы ма? Тәуелсіздік үшін күресіп, Сталин жендеттерінің қолынан өлген Алаш ардақтыларының аманатына көрген әскеріміздің адалдығы осы ма?!
Шараға қатысқандардың бәрі әкімшілік жауапқа тартылып, заң алдында жазалансын! Бұлардың қылығы – шаһид кеткен ата-бабамыздың сүйегін, аруағын қорлау. Бұлардың мына қылығы – ҚР Тәуелсіздігіне түкіру, ашық айтсақ, қазақты қорлап тұр емес пе?!
30 жыл бойы Қорғаныс министрлігі орысша сайрады! Ұлттық идеологияның бірде-бір белгісі жоқ-ты. Сенгеніміз осылар ма? Алаш аңсаған азаттық осы ма?!
ҚР Парламенті шұғыл КСРО атрибуттарын қолдануға қарсы заң әзірлеп, бекітіп, қолданысқа енгізу керек. Жыл сайын 9 мамырда көретініміз – осы. Әбден басымызға шығып, ойларына келгенін істеуде?! Осы көшеге шерулетіп шыққан халықты автозакқа тиеп, ұрып-соғатын СОБР қайда?! Неге олар бұларға қысым көрсетпейді?! 30 жыл бойы басқа байды аңсаған қатын құсап әбден іріп-шіріп кеттік пе?! КСРО-ны армандайтындарды жазалау керек! Бұл – талап! Қоғам болып, талап етейік, достар!
1941-1945 жылғы соғыс – қазақтың соғысы емес. Біз амалсыз қатыстық. Бізден ешкім рұқсат сұрамай, ерлерімізді дайындықсыз от пен оққа айдап, өлімнің аузына салып, майдан даласында жер құштырған-ды. Бұл – Жеңіс күні емес, соғыс құрбандарын еске алу күні ретінде қайта қаралауы тиіс.
Қазақты қашанғы мазаққа айналдырып, неге намысымызды таптатуға жол бересіздер осы?! Мына оқиғаға Ақордадан ресми жауап күтеміз! Сорлы ел болып кеттік пе? Қашан оянасың, қазағым?! Үнемі айтамын: қазақ тарихына декоммунизация, деколонизация тұрғысынан қарап, жалпы мемлекеттік ұлттық идеология қалыптастырайық деп… Тыңдап жатқан ешкім жоқ!