"Күнбағыстағы" бүгінгі күн проблемасы

"Күнбағыстағы" бүгінгі күн проблемасы

  Маусым айының 21 жұлдызында Алматыдағы «Mega» сауда, ойын-сауық орталағындағы  «Chaplin» кинотеатрында отандық «Күнбағыс» атты туындының жабық көрсетілімі өтті. Фильмнің сюжеті қазіргі қоғамның дертіне айналған гаджет пен компьютерлік ойынның құрбаны болған, ата-ананың қарауынсыз қалған жасөспірім туралы. Картинаның екі мақсаты бар: біріншіден, отбасы құндылықтарының әр адамның өміріндегі басты бөлігі екенін көрсету, екіншіден, ата-аналар балаларын виртуалды әлемге беріліп кетуден қорғау.

Режиссері – Эля Гильман, сценарийін Расул Шыбынтай жазған. Картинадағы басты рөлді жас актер Рашид Мусин сомдаған. Басты кейіпкердің анасын сербиялық актриса Слобода Мичалович, ал әке рөлінде Еркебұлан Дайыров ойнады.

Жабық көрсетілімнің тұсаукесерін режиссері Эля Гилман бастап берді. Барлық атсалысқан түсірілім тобына ерекше алғысын білдіріп: «Балаларыңызға ешқашан гаджет алып бермеңіздерші. Фильмнің сюжеті болған оқиға желісімен түсірілген», – деп сөзін аяқтады.

Ал  біз фильмде жұмысбасты әке рөлін сомдаған Еркебұлан Дайыровпен фильмнің кейбір құпиялары жөнінде пікірлескен едік.

Мөлтек сұхбат

– Еркебұлан аға, сізді тарихи фильмдерде жиі көреміз. Ал осы фильмге түсуіңізге не түрткі болды?

– Қазір барлық жерде көретініміз сол – әрбір баланың қолында гаджет. Оның психологиясына қандай әсер беріп жатқанын, қандай өзгеріс болып жатқанын тіпті жорамалдап та біле алмаймыз. Мені фильмге түсуге іштей тартқан дүние осы бір мәселе болды. Өнер адамы ретінде менің айналамда болып жатқан проблемаларды біз өнерпаз ретінде көрсете алмасақ, несіне жүрміз? Әлемде болып жатқан бүкіл проблема  бізде де болып жатыр. Соның ішінде осы бала тәрбиесі де өзекті мәселе.

– Фильмді жасөспірімдерге көруге кеңес бересіз бе?

– Егер олар түсінетін болса, көруге  кеңес берер едім. Дегенмен сол балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар көрсе жақсы болар еді.

– Бұл фильмді қазақ көрермендері қалай қабылдайды деп ойлайсыз? Бізде, өзіңіз білесіз, ойын-сауық жанрындағы туындылар жақсы көрсеткіш жинайды. Ал бұл туындыны көрермен қалай қабылдайды, сіздіңше?

– Қазіргі күні уақыттың  қаншалықты тез өтетінін, құндылықтардың қаншалықты тез ауысатынын көріп жүрміз ғой. Мен енді бәрі үшін жауап бере алмаймын. Біріншіден, жалпы кинокартина – авторлық фильм. Сондықтан автордың айтқысы келетінін бірі түсінсе, бірі түсінбейді. Өзіңіз         айтқандай, бұл  коммерциялық комедия емес. Біреуді кемсіткенім емес, бірақ көзі қарақты көрерменнің алар дүниесі көп деп ойлаймын. 

 

 

Айсәуле Кенгашова
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 76
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 598
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 715
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 627
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 637

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8773
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8173
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11402
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9156
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10387