Күніне 20 сиыр, 10 түйе сауатын Балжан

Күніне 20 сиыр, 10 түйе сауатын Балжан

Балжан Пірімбетова – бір шаруашылықтың жұмысын дөңгелетіп отырған іскер келіншек. Таң ата салысымен мал қораға асығатын ол күніне 20 сиыр, 10 түйе сауады. Қалада өсіп, білім алған оған төрт түліктің тілін тауып, ауыл тірлігін үйіріп әкетуді енесі мен абысыны үйретіпті. «Үлкен әулеттің келіні атанғаныма 20 жыл болды. 18 жасымда келдім. Қара шаңы­ра­ғымыз Көксарай деген ауылда. Келін болып түскеннен кейін бір ай ғана ауылда тұрдық. Одан бері фа­зендада, яғни осы шаруашы­лық­тамыз. Бұл – Түркістан облысы Арыс ауданы Ақ­дала ауы­лы­на қарасты Сырдарияның жа­ға­сындағы жал­ғыз үй. Көршілеріміз екі ша­қы­рым жерде. Атамыз өмірден өткен. Енеммен бірге тұра­мыз. Ол кісі 76 жаста. Жолдасым жеті ағайын­ды. Мен бесінші келінмін. Мал шаруа­шы­лы­ғы­мен айналысамыз. Жолдасым – шаруа қо­жа­лы­ғының директоры. Сиыр, түйе, жылқы, қой ба­ғып, күн кешіп жатқан жайымыз бар», – дей­ді ол.

Күніне 20 сиыр, 10 түйе сауатын Балжан

Кейіпкеріміз малға жемшөп беріп, қой ба­ға­тын көмекшілері бар екенін айтады. Ал өзі­нің міндеті – сиыр мен түйе сауу. Сауыншы әйел­дің таңғы тіршілігі түйе сауудан басталады. Қа­зір сиыр мен түйені бір мезгіл сауып жүрсе, жаз­ғы уақытта үш рет сауады екен.

«Күніне 10 түйе, 20 сиыр сауамын. Қалған 6 сиырды келінім сауады. Алдымен түйені сауып келемін. Ал жолдасым боталарды шы­ғарып тұрады. Одан кейін сиыр саууға кірі­се­мін. Сағат 10-ға дейін осы шаруаларды реттеп, таң­ғы шайға отырамыз.
Маған бәрін шығарып, дайындап берсе бол­ды. Бір сиырды 3-4 минутта сауамын. Қазір күн салқын болғандықтан, сүт аса көп шық­пайды. 25 литрдей сүт аламыз. Сүті көктемде кө­бейеді. Қазір асау сиырларды үйретіп жатыр­мыз және көбі бірінші тума», – дейді сауыншы. Балжан Пірімбетова шаруашылықтың жұ­мы­сын енесі мен абысыны үйреткенін ай­та­ды. Бүгінде төрт түліктің тілін түсінетін ол қа­зіргі өмірі өзіне ұнайтынын айтады. Тіпті, қо­радағы мал ауырып қалса, қажетті ем-дом жа­сай береді екен.

Күніне 20 сиыр, 10 түйе сауатын Балжан

«Мектепті үздік бітірдім. Екі дипломым бар. Алғаш келген кезде «қаланың қызы, еш­теңе білмейді» деп ұрыспай, бәрін үйреткен ене­ме алғыс айтқым келеді. Аналарымыздан үй­ре­неріміз көп. Мен келгенде екінші абы­сы­ным қара шаңырақта тұратын. Ол кісі сиырды қа­лай сауу керегін үйретті. Қазір Арыста тұра­ды. Қазір енеммен бірге екі келін бір шаңырақ астында тұрып жатырмыз. Бізде «Сенің тірлігің, ме­нің тірлігім» деген жоқ. Бір-бірімізге кө­мек­тесіп, тату күн кешіп жатырмыз.
Күзде жоспар бойынша ветеринарлар ке­ліп малды емдеп кетеді. Қалған уақытта ауы­рып қалса, өзім емдеймін. Дәріханадан керекті дәрі-дәрмектің бәрін әкеліп қойғанмын.
Негізі, арманым дәрігер болу еді. Анам «тұр­мысқа шықсаң, сені дәрігерлікке кім оқы­тады?» дейтін. Құдайға шүкір деймін, қазір дәрі­лердің бәрін зерттеп, қорадағы малда­рым­ды емдеп жүрмін», – дейді ол күліп.

Күніне 20 сиыр, 10 түйе сауатын БалжанБалжан бүгінде екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр­ған ана. Үлкені 19 жаста. Қазір медицина са­ласында білім алып жатыр. Сауыншы келін­шек балалары шаруашылыққа тек демалыс күндері келетінін айтады. Сондықтан өзі трак­тор айдауды да үйреніп алыпты.

«Қайбір жылы күн қатты суып, жер батпақ бол­ды. Сиырлар көтерем болып жатты. Қате­лес­­песем, 4-5 жыл бұрын болуы керек. Сол кез­­де сиырлардың бәрін көтеріп тұрғызып, бе­лін байлайтынбыз. Түйе айдайтын да адам жоқ болды. Балаларым сабақта. Содан жол­да­сыма «Маған трактор айдауды үйретші» дедім. Қазір тракторды да, жеңіл көлікті де жүргізе беремін.
Ынтасы, өмір сүруге құлшынысы бар адам бә­рін үйренеді деп ойлаймын. Әйтпесе, басын­да «Қаланың қызы мұндай айдалада тұрмайтын шығар» деп айтқан адамдар болды. Шынымды айтсам, қаланың у-шуынан осы өмірім ұнайды. Бұл – біреудің малы емес. Ұрпақ өсіріп отырған соң осылардың болашағы үшін, өзіміз үшін еңбек етіп жатырмыз. Той-жиыннан да қалған емеспіз», – дейді Балжан Пірімбетова.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, turkystan.kz
10.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 243
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 379
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 376
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 608
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 550

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9252
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8648
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11875
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9646
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10857