Күрес майданына орал, Жазушылар одағы!

Күрес майданына орал, Жазушылар одағы!

Ес жиып, етек жинағаннан бастап кітап оқу біздің ұрпақтың ең тамаша қасиеті еді. Жазушылар мен үшін нұрын төгіп жүретін періштелер сияқты көрінетін. Жазушы, журналист болуды армандадым. Бірақ тағдыр басқа, мүлдем басқа жолға салып жіберді. Мұғалім болдым. Бірақ алыс ауылда жүрсем де шәкірттерімді кітап оқуға баулыдым. Кейін Алматыға келгенде саз мектебінде жұмыс істедім. Тәуелсіздігіміз, Наурызымыз келіп, елімізді қуанышқа бөледі. Мектепте ақ боз үйлер тігіп, Наурыз тойын жасадық. Сол кезде Әбіш Кекілбаев,  Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырза Әлі сынды жазушыларды осы Наурызға шақырып, құрметті қонақ еттік.

Қай жерде қызмет етсем де жазушыларды, журналистерді құрмет тұтып, қолымнан келгенше олармен араласуға тырыстым. «Қазақтелекомда» жұмыс істегенде «Ана тілі» және «Қазақстан ZAMAN» газетімен байланыс жасап тұрдым. Қызық болғанда, бала кезімде «журналист болсам» деген ұлы арманым 63 жасымда жүзеге асты. Газетте жұмыс істей бастадым. Үлкен-үлкен материалдар жаздым. Қазір «Qazaqstan dauiri» газетінің басшысымын. Мен мұны мақтанайын деп айтып отырғаным жоқ. Халқымыздың жағдайы мені осы мамандыққа әкелді. Себебі біздің қоғам, адамдар рухани байлықты төмен ысырып, байлық пен баюды бірінші орынға қойды. Бұл елімізде жемқорлықтың асқынуына әкелді. Әділетсіздік күшейді. Азғындау, тозғындау басталды. Қазақ мүддесіне қауіп төнді. Қазақстан ескексіз қайық сияқты әлдеқайда маңып бара жатты. Елде хаос үстемдік етті. Қазақ тілі мүшкіл жағдайға жетті.  Қазба байлықтарымызды НӘН-дер тонап жатты. Міне, осы кезде жазушылардың, журналистердің «Тоқтат!» деген қаһарлы үні естілуі керек еді. Бұған қалам ұстағандардың ордасы – Қазақстан Жазушылар одағы мұрындық болуы тиіс еді. Өкінішке қарай, олай болмады. Халық жазушылардан, одақтан зор үміт етті. Үміт ақталмады. Менің байқауымша, олар өзара қырқысып, «сен тимесең, мен тименге» айналды. Одақты Нұрлан Оразалин басқарғанда да осы момындығынан аса алмады. Зор үміт күткен Ұлықбек Есдәулетовтың командасы да орден, медаль, марапаттаулардың нұрына бөленді. Ау, айналайындар-ау, ең болмаса өздеріңіздің басты қаруларыңыз – Тіл мәселесін неге көтермейсіздер? Орыстанып бара жатқан ұрпақ ертең сіздердің кітаптарыңызды оқымайды ғой. Неге тап бүгінгі күнмен өмір сүресіздер? Жақында «Қазақ әдебиетінде» Ұлықбектің мәлімдемесін оқыдым. Оны билік қолдайды екен. Ал халық ше? Неге халықты ұмыттың, Ұлықбек Есдәулетов мырза?!

Жалпы Жазушылар одағына серпілу керек. Әйтпесе соңғы кездері жастардың «Бұл одақтың қажеті бар ма?» деп сұрақ қоюы орынды. Ана ретінде, тіптен бүкіл аналардың атынан сіздердің Ұлттық мүддеге, Қазақ тілінің жағдайына бет бұруларыңызды пәрмен етемін! Онсыз болмайды. Себебі билік сіздерді тыңдайды, есептеседі. Серпіліңіздер, күрес майданына орал, Қазақстан Жазушылар одағы!

СӘУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шөп орағы басталды
Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы - 27.05.2023 88
АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы - 27.05.2023 34
Әскери міндеттілермен кездесу
Қордай ауданының әкімдігі - 27.05.2023 71

Топ жаңалықтар

1
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Show more
- 2023-05-27 60
2
Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Show more
- 2023-05-27 59
3
Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2023-05-26 149
4
Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті
Show more
Голрох Жеменей - 2023-05-25 309
5
Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?
Show more
Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан - 2023-05-23 491