Күрес: Қазақ балуандары ерлеп тұр!

Күрес:  Қазақ балуандары  ерлеп тұр!

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні грек-рим күресі шеберлері арасындағы белдесулер аяқталды. Қазақстан құрамасы 10 салмақтың тоғызында жүлде алып,180 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орында 151 ұпаймен Иран құрамасы. Үздік үштікке 133 ұпайға ие болған Қырғызстан құрамасы кірді. Әлімхан Сыздықов 130 келі салмаққа дейінгі белдесуде Азия чемпионы атанса, 67 келідегі балуанымыз Мейіржан Шермаханбет ел қоржынына екінші алтын жүлде салды. Осылайша, құрлықтық додада грек-рим күресінен қазақстандық балуандар 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль алды.

Ал қазақстандық еркін күрес шеберлері ішінде жарыстың алғашқы күні Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақта финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, үндістандық Рави Кумарға 2:12 есебімен есе жіберді. Сөйтіп, ол күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар, Сырбаз Талғат 70 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесуде ирандық балуанды 4:0 есебімен тізе бүктірді. Тағы бір қазақстандық Мамед Ибрагимов 97 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық қарсыласын 3:2 есебімен ұтып, ол да қола медаль иегері атанды. Әлішер Ерғали ирандық Аятолла Мохаммадказем Мохебиден ұтылса,  Нұрқожа Қайпанов ирандық Йонес Алиакбар Эмамичогейге есе жіберіп, күміс жүлде алды. Шығыс Қазақстан өңірі күрес мектебінің түлегі, 28 жастағы балуан Азамат Дәулетбеков ақтық сында үндістандық қарсыласы Дипака Пунияны 6:1 есебімен ойсырата ұтып, Азия чемпионаты тұғырының ең жоғары сатысына көтерілді. Финалға дейін Азамат Өзбекстан және Қырғызстан балуандарынан басым түскен.  Әлішер Дәулембаев (92 келі) қола жүлде үшін белдесуде жапониялық Такума Отсудан ұтылып жатып, ақырында қарсыласының жауырынын жер иіскетіп, оны таза жеңіп кетті. Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия біріншілігінде 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медальді жеңіп алды. 

Әйелдер күресінен құрлықтық додада қазақстандық қыздар екі алтын, екі қола медаль алды. Ел құрамасынан 68 келіде Мадина Бақбергенова финалда қырғызстандық Мээрим Жуманазарованы жеңіп, алтыннан алқа тақты. 72 келі салмақ дәрежесінде Мадинаның сыңары Жамила Бақбергенова қарсылас шақ келтірмей, құрама қоржынына екінші алтынды салды. ақтық финалда жапондық Сумире Ниикураны тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл  – Жәмила Бақбергенованың Азия чемпионатындағы екінші алтыны. Ол бұған дейін 2020 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында үздік атанған. Сондай-ақ қазақстандық спортшылардан Жұлдыз Ешімова (53 келі) және Гүлмарал Еркебаева (76 келі) қола жүлдеге қол созды. Жалпыкомандалық есепте Жапония (7 алтын, 2 күміс) және Моңғолия (4 күміс, 5 қола) құрамасы алғашқы екі орынға жайғасса, үздік үштікті Қазақстан құрамасы түйіндеді. 

Ермек САХАРИЕВ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 187
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 180
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 690
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 812
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 726

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8882
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8277
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11505
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9261
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10489