Литва кәсіпкерлері Қазақстанда

Литва кәсіпкерлері Қазақстанда

Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің бастамасымен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Qazindustry» АҚ, лит-

валық «PKV» және «TecnnoWest» компаниялары өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция өтті. Іс-шара барысында литвалық тарапқа Қазақстанның экспорттық, сауда және инвестициялық әлеуеті, арнайы эконо-

микалық және индустриялық аймақтардың жұмысы, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдау құралда-

ры туралы толық ақпарат берілді. Бұған қоса Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңа-

ру мен жаңғыру жолы» Жолдауында жарияланған бастамаларының арқасында елімізде бизнес ашудың жаңа мүмкіндіктері туралы хабардар етілді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ұсынған өңірлердің жаңа әкімшілік-а- умақтық бөлінуі жұмыс орындарын көбейтуді және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды талап ететін қо- сымша даму орталықтарын қалыптастырады. «PKV» компаниясының өкілдері тұрмыстық электр құрылғыларын шығаратын бірлескен кәсіпорын құруға мүдделігін білдірді. Бейнеконференция қорытындысы бойынша арнайы эконо- микалық аймақтармен танысу және өндірісті бастаудың ықтимал орнын анықтау мақсатында литвалық кәсіпкерлердің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Ермек САХАРИЕВ
07.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

«АРЫҚ СӨЙЛЕП,  СЕМІЗ ШЫҚ!»
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе – Қандыағаш – Жем - 31.08.2025 81
Көтердім 51 пұт кірдін тасын
Б.МЕРГЕНБАЕВ, «Аманат» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі - 31.08.2025 106

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17069
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16913
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32102
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30697
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34334