Қарағандыда кәсіби мереке қарсаңында мәдениет қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Пандемиякезінде олар қашықтан форматқа көшіп кетсе де, өнер жанкүйерлерімен байланысын үзбеді. Ұзақүзілістен кейін сахнаға қайта оралып, көрермендердіжаңа шығармашылық жобаларымен қуантып жүр.
Мәдениет жұлдыздары салтанатты рәсімге С. Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрындажиналды. Қызыл кілем, жанкүйерлердің қуанышы, осы күннің бас кейіпкерлері сахнада кездесті.
Театр холлында көрме ұйымдастырылды.
– Біздің өмірімізді картиналарсыз, театрспектакльдерінсіз, кинофильмдерсіз, әдебиетсізелестету қиын. Сіздер, шығармашылықмамандықтардың өкілдері, мәдениеттің дамуынаүлес қосып қана қоймай, рухани мұрамызды сақтапқаласыздар, – деп құттықтады аймақ басшысыныңорынбасары Ербол Әліқұлов. – Қарағанды облысыәрқашан таланттарға бай болған және болып қалабереді. Әрқайсыңыздың ерекше және танымалқолжазбаңыз бар, лайықты құрметке иесіздер. Облыстың көптеген кәсіби ұжымдары текреспубликада ғана емес, одан тыс жерлерде детанымал. Ауылдық мәдениет мекемелерінің келбетіжылдан жылға өзгеріп, көркемөнерпаздар деңгейіөсіп, кітапханалар жаңғыртылып жатқаны қуантады.
Салтанатты рәсімде кәсіби байқаудыңқорытындысы шығарылды. Мәдениет пен өнердіңүздік қызметкерлеріне сыйлықтар, дипломдар менестелік мүсіншелер табыс етілді.
Биыл байқауға 115 өтінім келіп түсті. Комиссия 23 номинация бойынша жеңімпаздарды таңдады.
"Мамандыққа адалдығы үшін" бас марапатыныңжәне миллион теңге сертификатының иегері сахнаардагері, С. Сейфуллин атындағы академиялық қазақдрама театрының актері Мекен Қисықов болды.
Ол театрда жарты ғасырға жуық қызмет етіпкеледі.
– Менің көпжылдық еңбегімдібағалағандарыңызға алғысымды айтамын! БіздіңҚарағанды облысы әрқашан еліміздің мақтанышыболсын! Әріптестерімді құттықтаймын, республикалық және халықаралық байқаулардажеңістер тілеймін. Біздің елімізге амандық пен ашықаспан тілеймін! – деді лауреат.
Мерекелік концертке танымал қазақстандықHASSAK фолк-тобы, музыкант-джазмен ОралханАлтынбеков, певец и блогер Colorit (АрыстанӘбілдин) және т. б. қатысты.
2022 жылы Қарағанды облысы әкімініңмәдениет және өнер саласындағы сыйлығыныңлауреаттары:
- "Жыл әртісі" – Рахат Қошжанов, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды мемлекеттік драма театрыныңәртісі.
- Андрей Марычев – К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының актері;
- "Жыл әртісі" – Ирина Мальчихина, Теміртаубалалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы:
- "Үздік эпизодтық рөл" – Виталий Ковалев, Қарағанды музыкалық комедия театрының әртісі;
- "Жылдың үздік театр режиссері" – Дунай Еспаев, режиссер, К. С. Станиславский атындағыҚарағанды орыс драма театрының жетекшісі;
- "Эстрада жанрындағы жылдың үздік вокалисі" – Алуа Вали, Қ. Байжанов атындағы концерттікбірлестіктің "Әуен " ансамблінің солисі;
- "Классикалық жанрдағы жылдың үздіквокалисі" – Анаргүл Наурызхан, солист, Осакаровка кентінің мәдени-сауық орталығының музыкалықжетекшісі;
- "Халық әнінің үздік орындаушысы" - МедетОсатаев, Қ. Байжанов атындағы концерттікбірлестіктің "Арай" ансамблінің солисі;
- "Жыл аспапшысы" – Наталья Катанцева, Е. Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялықсимфониялық оркестрінің әртісі;
- Татьяна Батырева, Қарағанды музыкалықкомедия театры оркестрінің әртісі;
- "Солист-инструменталшы" – СәулеРахымғалиева, Тәттімбет атындағы қазақ халықаспаптары академиялық оркестрінің әртісі;
- "Жыл дирижері" – Байқара Сәдуақасов, Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің "Арқасазы" фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі;
- "Жыл композиторы" – Марат Сүтішев, композитор, Тәттімбет атындаүы Қарағанды өнерколледжінің оқытушысы;
- "Жыл хореографы" – Динара Абдрахманова, Балқаш қаласы Мәдениет сарайының Струсинскихатындағы "Ветерок" үлгілі хореографиялықансамблінің бас балетмейстері;
- "Үздік балет және хореографиялық ұжымәртісі" – Руслан Гамидов, Қарағанды музыкалықкомедия театрының балет әртісі;
- "Көркемөнерпаздар ұжымының үздікжетекшісі" – Марина Бакенова, Теміртау қаласының"Ронд" би-спорт клубының жетекшісі;
- "Бос уақытты үздік ұйымдастырушы" – Галина Мамлютова, Абай ауданының мәдени-демалысорталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі;
- "Ауылдың үздік мәдениет қызметкері" – АнарТәжібекова, Шет ауданының мәдени-сауық орталығыәдістемелік бөлімінің меңгерушісі;
- "Ауылдың үздік кітапханашысы" – ЗамзагүлСатекова, Ақтоғай ауданының Орталықтандырылғанкітапхана жүйесінің директоры;
- "Алтын шумақ" – Ілияс Мұхаев, облыстық"Орталық Қазақстан" газеті бас редакторыныңорынбасары;
- Ерік Нарын, ақын, облыстық SARYARQAтелеарнасының редакторы;
- "Үздік кітапханашы" – Балбөпе Мусина, Жезқазғанның орталықтандырылған кітапханажүйесінің кітаптарды толықтыру және өңдеубөлімінің меңгерушісі;
- "Үздік айтыскер" – Мақсат Аханов, Қарағандыоблысының айтыскері;
- "Үздік мұражай қызметкері" – Татьяна Хмелева, Теміртау тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылымиқызметкері;
- "Жылдың үздік суретшісі" – Александр Лапин, қоюшы суретші, Саңыраулар мәдениет үйініңҚарағанды халық мимика және ым-ишара театрыныңкөркемдік бөлімінің меңгерушісі;
"Мамандығына адалдығы үшін" – МекенҚисықов, С. Сейфуллин атындағы Қарағандымемлекеттік драма театрының актері.