МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА КЕЛЕЛІ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА КЕЛЕЛІ ҰСЫНЫСТАР АЙТЫЛДЫ

Жуалы ауданында «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
🔹 Жуалы ауданы Орталық кітапхананың мәжіліс залында облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық кеңесінің көшпелі отырысы ұйымдастырылды.
🔸Отырысқа аймақтық Кеңес мүшелері — Кеңес төрағасы, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының проректоры Асқар Абдуалы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева, «Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының» директоры Сауран Қалиев, «Қазақстан РКРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалыны шеф редакторы Жалғас Қошқарбай, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан, «Aq jol» газетінің тілшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұржан Қадірәлі қатысты.
🔹«Мирас» аймақтық кеңесінің отырысында Жуалы ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар мен демалыс орындарының жағдайы және партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыстық Жол картасындағы «Мәдени объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету» тармағының орындалу барысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
🔸Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Анар Ахметова «Мәдени объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.
🔹Аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар мен демалыс орындарының жағдайын кеңес мүшесі Нұржан Қадірәлі баяндады.
🔸Кеңес мүшесі Жалғас Қалқабайұлы, өлкетанушы Дәулетжан Жамалбекұлы ұсыныс-пікірлерін білдірді.
🔹Сонымен қатар кеңес мүшелері Жуалы ауданындағы бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштер, саябақтар т.б., демалыс орындарының жағдайымен танысты. Ұлттық сананы қалыптастырып, тарихымыздан сыр шертетін құндылықтарымыз бен төл мәдениетімізді насихаттау, оларды келешек ұрпаққа жеткізетін бірден-бір орын ол тарихи-мәдени ескерткіштер. Алайда, бүгінгі күні кейбір ауылдардағы ескерткіштердің жағдайына ерекше күтім керек екенін жеткізді.
✨Жиын барысында түскен ұсыныстардың барлығы тиісті мекемелерге жолданып, орындалу барысы партия бақылауына алынады.

Ақ жол газеті
29.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 113
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 148
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 146
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 113
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 257
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 260
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 471
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 432

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9132
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8528
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11756
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9524
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10736