Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

Мәдениетті ана   –  мәдениетті ұлт

Бұл «Мәдениетті ана   –  мәдениетті  ұлт»  республикалық жобасы  Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың    тапсырмасымен 2022 жылдың қазан айынан басталды.

   Аяулы ана мен әйел – қоғамдағы  рөлі өте асқақ, асыл жандар. Олар қоғамның дамуына баға жетпес үлес қосады. Алматы облыстық Аналар кеңесі мен оның өңірлік бөлімшелері «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасына білек сыбана кірісіп, іске асыруда. 

   Жобаны іске асыру, міндет-мақсаттарға қол жеткізу үшін кезең-мерзімдері қамтылған ауқымды жұмыс жоспары әзірленді. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім» КММ көмегімен барлық өңірлерде түрлі форматта ауқымды іс-шаралар өтуде. 

    Қарадаланың төскейіндегі Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында «Бақытты ана – бақытты бала» тақырыбында  әйелдердің жеке дамуы мен рухани өсуі жөніндегі конференция «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен» аналардың қоғамдағы рөлі, ұрпақ тәрбиесіндегі мән-маңызын аша түсті.

Жиында  шаңырақтары шайқалып  жатқан  отбасылардың өзекті мәселесі, ана мен әкенің жанұядағы орны, отбасы құндылықтары, маңыздылығы айқындалды. Сонымен қатар жастар мен болашағымыз – ұрпақты рухани-адамгершілік, патриоттық рухта  тәрбиелеудегі ата-аналардың рөлінің жоғары екендігі  конференцияда кеңінен талқыланды.

Конференцияға Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Қадіржан Бағбаев Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» ММ директоры Марат Илипов, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Жошыбаева, Жетісу облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева, заң ғылымдарының кандидаты, профессор кәсіби медиатор-тренер Бақыт Чингаева, Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Ақбасова, «Қоғамдық келісім»   ММ  «Әлеуметтік бастамалар мен медиацияны қолдау, қоғамдық-көпшілік шараларды ұйымдастыру»  бөлімінің басшысы Жансұлу Башенова, Ассамблея құрылымдарының төрағалары мен белсенділері, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшылары, ауданнан білім, медицина саласының қызметкерлері, политехникалық колледж мұғалімдері мен студенттері, Қазақстан Халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» ММ жанындағы Аналар, Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары, қоғамдық медиаторлар, ауылдық округ әкімдіктерінің осы салаға жауапты мамандары, жастар нұсқаушылары, этномәдени орталықтың белсенділері қатысты. 

Алғашқы сөзді  Алматы облыстық «Ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ директоры Марат Илипов алып,  аталмыш мекеменің жыл басынан бері  бірқатар аудан филиалдарында ауқымды жұмыстар қолға алынғанын баяндады. Аналар мен ақсақалдар кеңесі жұмысының күннен-күнге  жанданып, қоғамдағы өзекті мәселелерге араласып, кей жайлардың алдын алуға атсалысқандарын кеңінен баяндады.

Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Жошыбаева да өңірдегі  149 аналар кеңесінің бағыт-бағдарын айтып, әр аудан, қалада атқарылған жұмыстар легімен таныстырды. Алдыңғы шепте белсенділік танытып отырған Жамбыл, Райымбек, Кеген, Ұйғыр аудандары Аналар кеңесінің жұмысын ерекше атап өтті. Ата-ана, әке, бала, немере, шөбере  –  ұрпақ   сабақтастығын  сақтау,  тұғырлы  отбасын қалыптастыру жайын да кеңінен сөз ете отырып, өз ойын тәлім-тәрбиеге  тек  ата-ана емес, қоғам болып атсалысқанда ғана нәтиже беретінін айтып қорытты. 

Жетісу облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Несіпжамал Баймадиева бүгінгі рухани, мәдени азғындаудың қармауына  түскен қоғамды жас ұрпақты кітап оқуға ынталандыру арқылы түзейтінімізді, темірді тот басатынындай, кітап оқымаған рухани азып-тозып адами құндылықтан ада болатындығын қарапайым жеткізді. Отбасын сақтап қалуда әйел адамның рөлі өте зор. Әйел затының өмірдегі орнын  айтып, жас отбасыларға өз өмірлік тәжірибесімен бөлісті. 

«Медиация қызметі – заман талабы» тақырыбында заң ғылымдарының кандидаты, профессор, кәсіби медиатор-тренер Бақыт Чингаева мектептерде медиация қызметін қалыптастыру мен дамыту жайына тоқталса,  «Рухтың күші – әкеде» жобасы бойынша Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Аналар кеңесінің төрағасы Ғалия Ақбасова бала тәрбиесіндегі әкелер рөлі жайында тағылымды сөз айтып, әуезді әннен шашу шашты.

Ұйғыр аудандық білім бөлімінің басшысы Мөлдір Құрманалиева  мектептерде қолға алынған патриоттық клубтардың жұмысына  тоқталды. Ел қорғанын тәрбиелеу – бүгінде өзекті мәселе. Осы бағытта патриоттық клубтардың маңызы зор. Республикалық деңгейде алдыңғы орынға шығып, патриоттық тәрбие беру мәселесінде озық тұрған аудан мектептерін мақтанышпен жеткізді.

Бірнеше уақыт бұрын Ұйғыр ауданында патриоттық клубтар жайы айтылмаған. Ал бүгінде 800-ге тарта оқушы аталмыш клубтардың мүшелігіне қабылданды. Бұл ұрпақ тәрбиесінде оңтайлы қадамның  бірегейі. 

Жиын соңында Ассамблея құрылымдарының белсенділері марапатталып, жиылған тұрғындар әдемі жүздесулерден кереметтей әсер алып қайтты.   Сондай-ақ, Шонжы ауылындағы шекара әскери бөлімінің офицерлерімен де «Әскери қызметкерлер мен офицерлер жұмысының психологиялық аспектілері»,  Абай атындағы мектеп-гимназиясында «Бала тәрбиесінің психологиялық аспектілері және баланың табысты болуына ата-ананың әсері»  тақырыбында  семинар-тренинг өтті.    

Семинарды Қызылжар жері – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласынан арнайы шақырумен келген клиникалық психолог, «РУХ» психология және тұлғаны дамыту орталығының директоры Резеда Баймухамбетова жүргізді.

Жанға жылу сыйлайтын кездесулердің  көл-көсір ғибратының  қайтарымы молынан болады деген сенімдеміз!                  

 

ГҮЛМИРА БАСШЫҒҰЛОВА, Алматы облысы Ұйғыр ауданы
28.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 141
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 146
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 333
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 326
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 949

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9024
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8420
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11648
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9404
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10630