Мал құжатсыз сатылмайды

Мал құжатсыз сатылмайды

Азық-түлік қауіпсіздігі – ел тәуелсіздігінің, еркін дамуы мен халқының әл-ауқатының артуының кепілі. Бүгінгі таңда ауылшаруашылықты мемлекеттік қолдау арқылы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған біраз жұмыс атқарылуда. Малбазарларға қойылатын талаптар жайлы халық көп біле бермейді. Онда «Сату және сатып алу туралы мал иелеріне қандай талаптар қойылады?» деген сауал көпшілікті толғандыратыны анық.
Мәселен, ҚР «Ветеринария туралы» Заңындағы 32-баптың талаптары бойынша, үй жануарларының барлығы бірдейлендірілуі тиіс және дерекқор базасына енуі қажет. Осыған сәйкес базарға сатылымға шығатын малдың иесі тұрғылықты жерiнiң қолайлы аймақ екенi жөнiнде ветеринарлық анықтама мен жануардың төлқұжатын, аса қауiптi жұқпалы ауруларға қарсы егу iс-шарасы туралы мәлiметтi көрсетуi тиiс. Iрi қара, уақ малдарда сырға, жылқы малында таңба немесе чип болуы қажет. Талапқа сәйкес базар аумағына ешқандай мал құжатсыз кіргізілмеуі шарт. Себебі бұл – түліктің ауру не сау екені туралы мәлімет беретін бірден-бір маңызды құжат.
Әрбір аудан ветеринариялық станса, ауылдық округтер ветеринариялық пунктпен және мамандармен толық қамтамасыз етілген. Тиісті аумақтың малдәрігерлері өзіне бөлінген елді мекеннің ауылшаруашылық жануарларының ауруға шалдықпауын қадағалайды. Бұрынғы мен қазіргі жағдайды салыстырсақ, бүгінгі күні малдың ауру болуы, ең алдымен, сол малдың иесін алаңдатады. Қазіргі таңда төрт түлік халықтың жекеменшігінде. Ауру мал шықса, дереу бақылауға алынып, өзге өңірге тарап кетпеуі үшін ветеринарлық жұмыстар жүргізілді. Вакцина жеткілікті. Бүгінде бір ауданда қанша мал бар, соған орай ғана аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егілетін вакцина беріледі. Малбазарға сатуға келген жануарлардың ветеринариялық анықтамасы, ветеринариялық төлқұжаты малбазардағы ветеринариялық маманның дерекқор базасы арқылы салыстырғаннан кейін малды сатып алған иесіне беріледі. Сол құжат арқылы мал иесі өзінің атына тіркейді. Жоғарыда көрсетiлген құжаттар болмаған жағдайда төрт түлiк малбазарларға сатылымға жiберiлмейдi. Бұл жөнiнде сауда орнының кiреберiсiне және баспасөз беттерінде хабарлама ұдайы беріліп тұрады.
Осы заң талаптарының сақталуы халық арасында аса қауiптi жұқпалы iндеттердiң таралуын болдырмауға және мал ұрлығының алдын алуға мүмкiндiк бередi. Ветеринарлық қауiпсiздiк – халықтың саулығын сақтаудағы маңызды қадам.

Асқар ТОХАБАЕВ, облыс әкімдігі ветеринария басқармасы ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
04.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785