Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық және республикалық маңызы бар көлік жолдарына жақын орналасқан шаруашылық иелері арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуде.
Жыл басынан бері Жамбыл облысының аумағында үй жануарларының қатысуымен орын алған 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, ЖКО салдарынан 5 адам жарақат алған.
Күн сайын патрульдік полиция қызметкерлері бекітілген көлік жолдарындағы аумақтарды патрульдеу кезінде жайылып жүрген малды жолдың жүру бөлігінен айдап өту бойынша шаралар қабылдайды, олар мал иелерін анықтап, үй малына жарық шағылыстыратын белгі қою мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, малды түнгі уақытта қараусыз қалдырған бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу»бойынша 400-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындардан шаруашылықтарындағы мал басының ұжымдық жаю арқылы сақталуын қамтамасыз етуді сұрайды, бұл үй жануарларының қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.