Маңғыстау облысында жерді пайдалану мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысында жерді пайдалану мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі: «Сәуірдің 19-ы күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өңірдегі жер қойнауын пайдалану және карьерлердің жұмысына арналған жиын  өттіЖиынға карьер иелері, жеке кәсіпкерлер, облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Басқосуда өңірде орналасқан кен орындарын игеру мәселелеріне тоқталған облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов: «Облыс аумағында 258 карьер бар. Соның ішінде 37-ісінің жұмысы тоқтап тұр. Қалған 221 карьердің жұмыс жасауға толық мүмкіндігі бар, алайда 2020 жылдың есебі бойынша олардың 103-інде өндіру жұмыстары мүлдем жүргізілмеген. Республика бойынша әктас тек қана Маңғыстау облысында өндіріледі. Әктас-ұлутастың ірі кен орындары Қарамандыбас, Жетібай және Бейнеуде шоғырланған. Ал құрылыс тасының (щебень) кен орындары Таушық, Шетпе ауылдарының маңында орналасқан. Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының маңында 29 карьер бар. Қазіргі таңда оның 11-і жұмыс жасап тұр. Жергілікті тұрғындар карьер иелерінің экологиялық талаптарды бұзғаны туралы бірнеше рет шағымданған.  Бұл мәселені Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Руслан Түкенов те растады. Оның айтуынша, экология департаменті тоғыз субъектіге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде төрт карьер ұсақтау-сұрыптау қондырғыларының қызметін сот тәртібімен тоқтатып, оларға 30,0 млн.теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар кәсіпорындардың басшыларына карьерлердегі шаңды басуға арналған арнайы су қондырғыларымен жабдықтау тапсырылған. Бұл әдіс шаң көлемін 60-80 пайыз азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өндіріс аумағының ішкі жолдарына асфальт төсеу және шаң болмауы үшін автокөліктің дөңгелектеріне су сеуіп отыруға  нұсқау берілген. Алайда, бүгінгі күнге дейін қойылған барлық талаптар орындалмаған.  Зерттеу нәтижелері бойынша айына бір гектар жерге 58 келіден астам шаң түссе, бұл экологиялық жағдайға әсер етеді»,— деді. 

  Жиында сөз алған аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев: «Өкінішке қарай, кейбір карьер иелері санитарлық нормаларды бұзып отыр, мұндай фактілер бар. Аудан әкімдігіне карьерден шығатын барлық жолдарға бақылауды күшейтуді және көліктерге шамадан тыс жүк тиелуіне жол бермеуді тапсырамын. Барлық меншік иелері өздерінің жауапкершілігін және қолданыстағы заңнаманың талаптарын, соның ішінде шаңды басу қажеттілігін білуі керек. Карьер иелерінің немқұрайды қарауынан іргелес жатқан елді мекендердің тұрғындары зардап шегуде. Сондықтан бақылауды күшейту керек» – дей келіп, кәсіпкерлерді қоршаған ортаға зиян келтірмей, заңнамада белгіленген барлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Ермек САХАРИЕВ
20.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 145
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 143
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 468
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 429

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9129
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11753
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9521
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10733