Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданында тәулігіне 10 мың текше метр су тұшытатын қондырғы салу жоспарлануда

Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданында тәулігіне 10 мың текше метр су тұшытатын қондырғы салу жоспарлануда

29 желтоқсанда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының үдемелі индустриалды дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Жиында өңірдің дамуы үшін қажетті төрт инвестициялық жоба қаралды. Атап айтқанда, жергілікті инвестор Түпқараған ауданында тәулігіне 10 мың текше метр су тұшыту қондырғысын орнатуды көздейді. Жоба құны 3 млрд тенге. Жоба іске асқан жағдайда Ақшұқыр және С. Шапағатов елді мекендері тұрғындарын таза ауыз сумен қамтып, су бағасының төмендеуіне септігін тигізеді.


Сондай-ақ, үйлестіру кеңесіне Ақтау қаласында спорт кешенін салу жобасы ұсынылды. Спорт кешені аумағында бассейн, қонақ үй, Workout  алаңы салынады. Нысан ашылған жағдайда тұрақты 80 жұмыс орны құрылып, балалардың киокушинкай каратэмен айналысуына басымдық беріледі.

 

Ақтаулық тағы бір кәсіпкер қонақ үйі бар спорт кешенін салуды жоспарлауда. Бұл кешеннің ерекшелігі каратэ спорт түрі бойынша балаларды олимпиадаға дайындайды. Жобада фитнес орталығы, футбол алаңы, түрлі спорттық алаңдар мен асхана қарастырылған. 

 

Ақтау қаласының аумағында қала тұрғындары мен қонақтарына су көлігімен серуендеуге қызмет көрсететін жоба қаралды. Кәсіпкер су туризмін дамытуға 70 млн. теңге қаржы құюға әзір. Жоба іске асқан жағдайда 30 жаңа жұмыс орны ашылады.

 

Үйлестіру кеңесінің мүшелері ұсынылған төрт жобаны да мақұлдады.  Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өз қаражатына жүзеге асырылатын жобаларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін айтты. Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.

29.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 2
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 468

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9169
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8567
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11795
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9563
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10775