Маңғыстауда «МАЭК» электр комбинатын жаңғырту мәселелері талқыланды

Маңғыстауда «МАЭК» электр комбинатын жаңғырту мәселелері талқыланды

 

20 қаңтарда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен «МАЭК» ЖШС энергетикалық кешенін жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары, қала әкімі, жауапты басқарма басшылары, «МАЭК» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары қатысты. Олар кәсіпорынның халықты сапалы энергия ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша алдағы қызметі, сондай-ақ ескірген жабдықтар мен инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерін талқылады.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдеш Түркменбаевтың айтуынша, электр станциясының қысқа мерзімде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қажетті жабдықтарды ауыстыру мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан құрал-жабдықтар мен қажетті материалдарды сатып алуға жалпы сомасы 2,9 млрд.теңге қаражат бөлуге өтінім жолдаған.

Қазіргі уақытта бу қазандығын жаңғырту, су жылыту қазандықтарын салу, ЖЭО-1-де кері қысымды турбоагрегатын конденсациялық турбинаға ауыстыру және жаңғырту жұмыстарының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.  Сонымен қатар «МАЭК» ЖШС аумағында қуаттылығы тәулігіне 24 000 м3 су тұшыту қондырғыларын салу жобасын іске асыру барысы талқыланды. IDE Technologies (Израиль) басшылығымен және «RedLine Pro» ЖШС жобалау ұйымының өкілдерімен жаңа GTPI-4,5 қондырғыларын салу бойынша келісімдерге ерекше назар аударылды.

Қазір «МАЭК» ЖШС мамандары арналарды тереңдету және ондағы деңгейді тез арада қалпына келтіру нұсқаларын әзірлеуде.  Осы ретте өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жауапты мекеме басшыларына халыққа сапалы қызмет көрсетіп, нәтижелі жұмыс істеу керектігін тағы да еске салды.

 

 – Халық зауыттан уақытылы әрі сапалы қызмет көрсетуді талап етеді. Кәсіпорынды артық шығынсыз сапалы жаңартуымыз керек. Ал жауапты тұлғалар өз жұмысына салғырттық танытса, тиісті шара қолданамыз. Мұнда жиналғандардың әрқайсысы МАЭК-тің қайта жандануы үшін жауапкершілік алуы керек. Өйткені МАЭК – Маңғыстаудың жүрегі мен миы. Кәсіпорын мәселесін шешу үшін облыс әкімдігі қажетті қолдау көрсетеді, – деді Нұрлан Ноғаев.

 

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі жұмыс тобына энергетика саласына қажетті барлық маманды тартуды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
22.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 33
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 73
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 26
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 32
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 33
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 67
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 73
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 268
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 264
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 885

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8961
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8355
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11581
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9339
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10565