МАҢҒЫСТАУДА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАДЫ

МАҢҒЫСТАУДА ҮШ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРАДЫ

«AMANAT» партиясының бастамасымен  елімізде «Қарызсыз қоғам» жобасы осы жылдың мамыр айында басталған болатын. Аталған жобасының мақсаты - тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және несие алып, қайтара алмай жүрген азаматтарға көмектесу болып табылады.

«AMANAT» партиясы «Halyk Bank»-пен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасының басталғанын жариялап, тиісті меморандумға қол қойған болатын. Партия «Ұлы дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығымен бірлесе отырып, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру жобасы үшін тренерлерді оқытты.

         Республика бойынша аталған жоба аясында алпыс мың адамды, ал Маңғыстау өңірінде  үш мыңнан астам тұрғынды  оқыту жоспарланып отыр.

Осы жылдың мамыр айынан бері өңірдегі аудан-қалалардағы өткен семинарға 2 мыңнан астам адам қатысып, біліктіліктерін арттырды.  

          Қаржылық сауатсыздықтың салдары орасан. Қарызы жамала берген соң несиеге барып ұрынады. Алған кезде банктің пайызын (процентін) есептеп жатпайды. Соңында ай сайынғы берешегі табысынан асып түседі. Төлей алмаған соң есепшоты бұғатталады. Олардың қатарында алаяқтарға алданып қалғандар, құмар ойындарға тәуелді болғандар мен банк борышкерлері бар.

«Қарызсыз қоғам» жобасы қаржыны тиімді жұмсауды, өзінің мүмкіндігін саралауды көздейді. Жастар арасында қаржылық сауаттылық жоғары болған жағдайда келешек жастар білікті болады. Ақтау қаласы бойынша бір апталық курста Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің,  М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының Ақтау колледжінің, Х.Өзбекғалиев атындағы политехникалық колледжінің және Маңғыстау туризм  колледжінің 320 студент пен ұстаздар  қаржылық сауаттылық курсына қатысып, сертификат алды.

Оқытушылар жастардың қаржылық сауаттылығын арттырғандарына қуанып, өздері де жақсы ақпараттар алғанын айтты. Ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жастарға керек, өте жақсы ақпараттар айтылғанын алға тартты.

"Осы курста студенттеріммен бірге өзімде оқыдым. Өте жақсы ақпараттар алдық. Балалар қазірден қаржыны үнемдеу, дұрыс пайдалануды және гранттарға қатысу үшін қалай жоба жасақтау керектігін түсіндірді. Заңсыз бұғатталған шоттарды ашып, алаяқтардан сақтану туралы білді. Жастарды осындай қажетті ақпараттармен сусындатып, дәріс өткізіп жатқан «AMANAT» партиясына рақмет", - дейді Маңғыстау энергетикалық колледжінің ұстазы Айшат Бөлекбаева.

Осылайша қаржыны мақсатты пайдалануды көздеп, құжаттарды дұрыс рәсімдеуді үйренгісі келетіндерге арналған курс тегін және қазіргі заманда ауадай қажет екенін түсінгендер қатары көбейгендігі қуантады.

Дайындаған Кәмшат Айбергенқызы,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

 

 

 

 

 

 

 

10.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 112
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 74
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 226
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 440
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 403

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9098
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8497
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11724
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9490
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10706