Маңғыстауда жаңа мұнай кен орындары игерілмек

Маңғыстауда жаңа мұнай кен орындары игерілмек

Маңғыстауда «Қаламқас-теңіз», «Хазар», «Әуезов» кен орындарын игеру бойынша мұнай-газ жобасы жүзеге асырылады. Жобаға сәйкес «Қаламқас-Хазар» кен орнындағы алғашқы мұнай өндіру ісі 2028 жылдың соңында басталады деп жоспарланған. «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС бас директоры Құрманғазы Есқазиевтің мәлімдеуінше, теңіз платформасындағы құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңында бастау алады.

«Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС бас директоры Құрманғазы Есқазиевтің компания Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кен орнын игеруді жоспарлап отыр.

Мұнайдың алғашқы баррелі 2028 жылы өндіріледі. Теңіз платформасындағы құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңында басталады деп жоспарланған. Ал жобалау жұмыстары 2023 жылы жүргізіледі.

– 6 ақпанда кен орнын игеру бойынша жетілдірілген үлгілік келісімшартқа қол қойылды. Жоба аясында 6 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылады. Жобаның бастапқы кезеңінде екі мың жаңа жұмыс орны ашылады. Өндіріс 2028 жылы басталып, жылына 4 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр, – деді Құрманғазы Есқазиев.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев бұл ауқымды жоба Маңғыстаудың ғана емес, еліміздің экономикалық әлеуетін арттыратынын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз мұнай саласындағы компанияларымыздың үлкен тәжірибесін пайдаланып, жаңа бастамаларды қолдауымыз керек. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік және жауапкершілік. Жоба әлемдік стандарттарға сай мамандар даярлауға, жаңа жұмыс орындарын құруға жол ашады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы мультипликативтік әсер береді. Бұл ретте мұнай компаниялары теңіз флорасы мен фаунасына зиян келтірмеуге баса назар аударуы керек, – деді Нұрлан Ноғаев.

«ҚМГ» ҰК» АҚ-ның шетелдік стратегиялық серіктесі – ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясы. Құрманғазы Есқазиев атап өткендей, көмірсутек шикізатын өндіруге арналған кешенді жобалар бойынша жетілдірілген Үлгілік келісімшартты әзірлеуге қол жеткізді.

– «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС компаниясы биыл «Қаламқас-теңіз»және «Хазар» кен орындарын игеру үшін арнайы құрылды. Президент тапсырмасының арқасында жетілдірілген үлгілік келісімшартқа қол қойылды. Жағалаудан 64 км қашықтықта «Қаламқас теңіз» құрылымында темір конструкциялардан теңіз платформаларын салу жоспарлануда. «Қаламқас теңіз» және «Хазар» құрылымдарындағы учаскеде жалпы қоры 81 млн тонна мұнай бар. Сонымен қатар Ақтауда кеңсе ашуды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта Каспий теңізінің құрлықтағы бөлігінде де жұмыстар жүргізіледі, – дейді Құрманғазы Есқазиев.

ГОЛРОХ ЖЕМЕНЕЙ
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 196
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 190
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 699
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 822
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 735

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8891
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8286
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11514
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9270
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10498