Мәншүк мектебі – үздіктер сапында

Мәншүк мектебі – үздіктер сапында

Орал қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейі биылғы оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағының қорытындысы бойынша еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарынан көрінді.

Қалалық білім беру бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш білім ордасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ашылған санаулы қазақ мектептерінің бірі. Тарихына көз жүгіртсек, 1996-1997 жылдары Мәншүк Мәметованың есімі беріліп, жалпы орта білім беретін мектебі болып жұмыс жасаған білім ошағы 2011 жылы «мектеп-лицей» мәртебесін алған. Содан бері Орал қаласындағы дарынды, үздік оқушыларды даярлайтын физика-математика бағытындағы үздік мектептер қатарына көтерілген.

– Үнемі еңбектеніп, білімін шыңдағандар қашанда шырқау шыңда тұрады. Сондай биік белестен көрінген ұжымның бірі – осы мектеп-лицей. Білім ордасына 2017 жылдан бастап Гүлдана Ганиятқызы Утешева басшылық етіп келеді. Соңғы бес жыл төңірегіндегі жүргізілген жұмыстарды сараптайтын болсақ, 2017-2018 оқу жылынан бастап осы уақыт аралығында білім сапасы 40%-ға көтеріліп, қалалық мектептердің алдыңғы қатарында болды. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 83,5%-ды құрады, – дейді қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметкері Эльмира Нұғманова.

Сондай-ақ мектеп-лицейдің ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл көрсеткіші де жыл сайын өсіп келеді. Биылғы оқу жылында орташа балл 103-ті құрап, мектеп түлектерінің 90%-ы мемлекеттік грант иегерлері атанған. Шәкірттері дарындылардың білім додаларында облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда мектеп намысын қолдан бермеуі де – ұстаздардың еселі еңбегінің жемісі екені сөзсіз. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде оқушылары математика, физика, тарих пәндерінен жүлделі орындарды иеленіп, мектеп мерейін асқақтатып жүр.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
24.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 35
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 22
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 170
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 385
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 351
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 968

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9046
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8442
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11669
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9432
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10650