Маңызды музей бөлмесі ашылды

Маңызды музей бөлмесі ашылды
Көкжелекте “Соғыс және еңбек ардагерлеріне” арналған музей бөлмесі ашылды.
Бүгін Мойынқұм ауданы, Қызылтал ауылдық округінің Көкжелек ауылында аудан тарихы үшін маңызды музей -бөлме ашылды.
Ашылуы кезінде сөз сөйлеушілер осы ауылдан шыққан сүйегі асыл жандар жайлы, әсіресе соғыс және еңбек ардагері Қалдыбай Айдаушыұлы туралы тебірене, толғана сөз сөйледі.
Екінші дүниежүзілік соғыста Белорусь майданында фашистік басқыншыларға қарсы соғысқан Қ.Айдаушыұлы еңбек майданында да аз тер төкпепті. Өжет мінезді, іскер азамат ауылдың аяққа тұруына біркісідей-ақ үлес қосқан абыз ақсақал болған екен.
Аумағы аядай болғанымен аталған бөлменің өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні, идеологиялық миссиясы үлкен.
Биыл күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратының бір бөлмесіне осы ауылдан шыққан біраз азаматтардың өмір тарихы жайлы сыр шертетін суреттер мен құжаттар, ауылдың отымен кіріп, күлімен шыққан соғыс және еңбек ардагерлері жайлы құнды мәлімет, жәдігерлер қойылған.
Кезінде ауылдың ғана емес, аудан, облыс экономикасының тасын өрге домалатқан еңбек ардагерлерінің өмірі, еңбек жолы жас ұрпаққа қашанда өнеге.
Музейдің салтанатты ашылуына менімен бірге ауыл ақсақалдары қазыналы қариялар қатысты.
Ауылдан түлеп ұшқан кейбір көкжелектіктер де тарихи жиынның төрінен табылды.
Осы ауылдың мектебінде екі жыл білім алған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының және Мойынқұм ауданының құрметті азаматы Сәуле Мешітбайқызы да қуанышқа арнайы шақырылып, құтты болсын айта келді.
Алихан Балкыбеков
26.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14414
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14337
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29482
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28111
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31646