МАҢЫЗДЫ ЖИЫН

МАҢЫЗДЫ ЖИЫН
 
Жамбыл облысы активімен өткен кездесуде ҚР Премьер-Министрі
Бердібек Сапарбаевтың облыстың дамуына, ұлтаралық келісімді нығайтуға, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыруға қосқан үлесіне тоқталып, өңір басшысы қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.
«Бердібек Машбекұлы екі жылдан астам уақыт ішінде бірқатар маңызды жобаларды іске асырып, Жамбыл облысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Бердібек Сапарбаев – мемлекетіміздің іргетасын қалаған тұлғалардың бірі. Халыққа қызмет етудің шынайы үлгісін көрсеткен сыйлы азамат. Мемлекет басшысының және жеке өзімнің атымнан Сізге көпжылдық қажырлы еңбегіңіз үшін зор алғысымды білдіремін!» — деді Ә. Смайылов.
 Облыстың жаңа әкімін таныстыру барысында Әлихан Смайылов
Нұржан Нұржігітовтің жауапты басшылық лауазымдарда атқарған үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті.
Үкімет басшысы өңір басшылығы алдына Жаңа Қазақстанды құру стратегиясын іске асыру аясындағы міндеттерді белгілеп, халықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешудің маңыздылығына тоқталды.
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында алға қойылған міндеттерді, әсіресе, ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыру бағытын орындау бойынша белсенді жұмыс атқару қажет. Сонымен қатар облыстың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларын одан әрі дамытып, жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту бойынша ауқымды жұмыстарды сапалы ұйымдастыру қажет. Облыста біраз жиналған мәселе барын жақсы білеміз. Жаңа облыс басшылығы Үкіметке оларды реттеу бойынша тиісті ұсыныстар енгізуі керек.
Нұржан Молдиярұлы өңір алдында тұрған барлық тапсырманы облыс активімен бірлесе отырып, сапалы ақтарады деп сенім білдіреміз», — деді ҚР Премьер-Министрі.
Жамбыл облысы
07.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 106
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 140
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 140
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 106
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 249
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 464
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 426

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9126
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8522
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11750
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9518
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10731