МАҚТААРАЛДА КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

МАҚТААРАЛДА КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІМ НАУҚАНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Мақтаарал ауданында күзгі жиын-терім науқанын қорытындылау мақсатында дәстүрлі "Алтын күз - 2023" мерекелік іс-шарасы кең көлемде аталып өтті.
Биыл ауданда 61 мың гектар егістік алқапқа түрлі дақылдар егілді. 9 айдың қорытындысымен 419,4 мың тонна бақша дақылдары, 18 мың тонна көкөніс дақылдары, 28,4 мың тонна мал азықтық дақылдары, 6,1 мың тонна картоп, 40 тонна күздік бидай, 7,5 мың тонна күріш, 97,1 мың тонна мақта және 11, 5 мың тонна дәндік жүгеріден өнім алынды.
Ауданымызда мал шаруашылығы саласында да айтарлықтай өсім бар. Ет өндіру 4,6 мың тоннаны, сүт өндіру 33 мың тоннаны, жұмыртқа өндіру 5,4 миллион дананы құрап, жылдағыдан үлкен көлемде артып отыр.
Кәсіпкерлік саласында да үлкен жетістіктер көп. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылы 7,2 миллиард теңгені құраса, биыл 15,2 миллиард теңгеге жетті. Сол сияқты өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі өткен жылы 5,7 миллиард теңгені құраса, биыл 17 миллиард теңгеге жетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі де өткен жылы 14,5 миллиард теңгені құраса, биыл 23,2 миллиард теңгені құрады.
Диқандарымыздың, шаруаларымыздың және кәсіпкерлеріміздің мерекесінде ауыл шаруашылығы тауарларының, кәсіпкерлеріміздің өндірген тауарларының және ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі қойылып, аудан әкімі бастаған топ көрмелерді тамашалап шықты.
Салтанатты кеш театрландырылған қойылыммен ашылып, сөзге шыққан аудан әкімі Бақыт Асанов барша аудан тұрғындарын күзгі жиын-терім науқанының аяқталуымен шын жүректен құттықтады және үздік нәтиже көрсеткен округтерді арнайы мараппаттады. Бұдан бөлек, сөзге шыққан аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Махамбет Ердешов және аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаровтар үздік шаруалар мен кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы саласының дамуына атсалысып жүрген азаматтарға, мекемелерге, БАҚ өкілдеріне аудан басшысының алғыс хаты мен бағалы сый-сияпаттарын табыстады.
"Сіздерді дала еңбеккерлерінің жемісті мерекесі - "Алтын күз" мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Дана халқымызда "Еңбек еткеннің еңсесі биік" деген тағылымды сөз бар. Күз маусымы – барша диқандарымыздың, шаруаларымыздың, кәсіпкерлеріміздің мерейі тасып, абыройы асқақтайтын кезең. Ауданымызда ауыл шарушылығы мен кәсіпкерлік саласы жыл сайын өсіп, өркендеп, дамып келеді. Ол үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар арқылы осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Осынау қуанышты күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін. Мереке құтты болсын!" - деді, Бақыт Насырханұлы.
Аудан басшысы мақта кластерін дамытып, оны терең өңдеуге күш салынып жатқанын, ол үшін Қытайдан, Өзбекстаннан инвесторлар тартылып жатқанын қоса жеткізді. Сонымен қатар, ағын суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суғару технологияларына баса мән берілетінін де атап өтті.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында мақтаның өнімділігі 27,1 центнерді құрап, облыс көлемінде көш бастады. Түркістан қаласында өткен "Алтын күз" іс-шарасында Мақтаарал ауданы "Мақта өндіруден озат аудан" атанып, облыс әкімі Д.Сатыбалды арнайы марапаттаған болатын.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

СМАРТФОН СЫЙЛАДЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2023 30
Ауыл шаруашылығын дамыту  — негізгі мәселенің бірі
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 03.12.2023 30
Пікір сайыс қозғалысы
Жомарт Зұлпыхар - 02.12.2023 54
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1738

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4185
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3833
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3992
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3926
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3998