Машкевич, «Жетінші арна» және пабликтер

Машкевич, «Жетінші арна» және пабликтер

«Еуразиялық үштіктің» қитұрқы саясатынан жақсы хабардар отандық саясаткерлер: «Соңғы уақытта елдегі және шетелдегі қаржылық һәм саяси топтардың белсене бастағаны байқалды. Оған себеп  «Президенттік сайлау 2023 жылы өтуі мүмкін» деген өсек-аяңның жиі айтыла бастауы болса керек. Бір қызығы, Қаңтар бүлігіне дейін түкірігі жерге түспей келген К.Мәсімовке тиесілі дейтін БАҚ-тар бүгінде «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетті. Солардың бірі – «Жетінші арна». Қазір телеарна «Еуразиялық үштіктің», анығында Александр Машкевичтің иелігіне өткенін медиа саладағы екінің бірі айтады. Саяси өзгерістердің көлеңкесі де жоқ 2015 жылы «Жетінші арна» толықтай ойын-сауық форматына көшкен еді. Ал 2021 жылдан бастап эфирін саясатпен «тұздықтай» бастады. Көп ұзамай «Оян, Қазақстан!» деген атауы екіұштылау таңғы бағдарлама ашты. Дәл осы атаумен жастар наразылық акциясын өткізгені белгілі. Енді көптен бері «Жетінші арна» А.Машкевичтің бизнес империясының құрамына кіретін Salem Social Media түсірген күлдібадам сериалдарын көрсетіп, солардың видеоконтентін жарнамалап келеді. Salem Social Media-ның жетекшісі Александр Аксютиц «Жетінші арнаға» Машкевичтің қатысы жоқтығын қанша дәлелдеуге тырысқанымен, онысы бекер екенін көзі қарақты жұрт көріп, біліп отыр. Соңғы уақытта Машкевичтің командасы әлеуметтік желідегі белсенді пабликтерді жаппай сатып алып жатыр. Ол не үшін керек? Жүздеген мың жазылушысы бар пабликтер қазір өте тиімді. Іргелі деген сайттар мен порталдардың өзі осы пабликтердің демеуіне мұқтаж. Өйткені олардың оқырманы көп. Бұдан бөлек, алдағы жылдан бастап пабликтерге де мемлекет тарапынан ақша бөліне бастайды. Міне, саясат пен ақшаның иісін алты қырдың ар жағынан сезетін Машкевич сенімді адамдарына тапсырма беріп, орталық қалалар мен аймақтарды аралап, пабликтер іздетіп жатыр және одан ақшаны аямақ емес. Бәлкім, «бұлардың өз қотырын өзіне қасытайын» деген сасық саясатпен ERG бірнеше жылдан бері мемлекетке төлемеген дивидендті соған жұмсап жатқан болар,  «Еуразиялық үштіктің» ішіндегі ең белсендісі Александр Машкевичтің Қаңтардағы бүлікке қатысы бар-жоғы әлі белгісіз. Мұны жіті тексеру қажет-ақ. Дегенмен Қаңтар бүлігіне дейін Машкевичтің Кәрім Мәсімовпен байланысы болғанын біз жазғанбыз. «Гватемала президентіне ақшаны кілемге орап апарғандардың» қолынан көп нәрсе келеді және бұлар билігі жемқор елдердің ішкі саясатына ықпал етуге тырысады, тіпті ықпал етіп те жүр. Жаңа Қазақстанның билігі президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы әзірге емеурін білдіре қойған жоқ. Әлде Машкевичтің мерзімінен бұрын «қимылдауында» бір гәп бар ма?» деген заңды сұрақ қояды. Асықпасақ, оның жауабын алдағы уақыт көрсетері хақ.   

 

Ермек Сахариев
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 41
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 93
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 96
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 30
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 205
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 209
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 422
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 385

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9079
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8477
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11705
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9469
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10686