«МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»

«МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
♦️Кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін «Математика» пәнін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға – ЖОО ғалымдары, оқытушылары, ZOOM арқылы байланысқа шыққан аудан ұстаздары, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, математика пәнінің мұғалімдері, барлығы 120-ға жуық педагог қатысты.
Сонымен қатар, «Зерделі ақыл-ой дамыту мектебінің» негізін қалаушы, республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегері, жоғары санатты математик Рысбек Мәуіт қатысты.
Педагогтардың мәртебесін көтеру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында 2012 жылдан бастап облыстың 38 педагогы «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары атанды.Соның ішінде 2 педагог математика пәнінің мұғалімдері.Облысымыздың 76 педагогі республикалық «Үздік авторлық бағдарламалар» байқауының жеңімпазы атанса, соның ішінде 10 педагог математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Түрлі республикалық, халықаралық байқаулардың нәтижесінде Жамбыл облысы командалық есепте 5 жыл қатарынан жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп келеді. Бұл – ұстаздарымыздың облыстың білім саласының қоржынына салған сүбелі үлесі.
♦️Жиын барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары сөз етілді, қазіргі таңдағы инновациялық технологиялар, үлгілі авторлық бағдарламалар, озық тәжірибелер талқыланып, Қарағанды қаласында өткен математика пәні мұғалімдерінің республикалық съезіне қатысып келген облысымыздың делегаттары ой бөлісті.
Облыстық дөңгелек үстел соңында күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ұсынымдар қабылданып, ұстаздар пікір алмасты. Сонымен қатар, Облыстық білім басқармасының басшысы Б.Жамангозов математика пәнін оқытуда үздік нәтиже көрсетіп жүрген бірнеше педагогтарды марапаттады.
04.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 828
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6902
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10738
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6971
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7111