МАТРАЦ ЖАСАУДЫҢ МАМАНЫ

МАТРАЦ ЖАСАУДЫҢ МАМАНЫ

«Даму» қорының облыстық филиалына қайырылған кәсіпкердің бірі – Григорий Повстянко. Ол 2011 жылдан бері өз жеке кәсіпкерлігін құрып, матрац шығарумен айналысып келеді. Оның ел нарығындағы өнімдер «AVERO» matras fabrikasy» сауда белгісімен көпшілікке аян. Компания ортопедиялық серіппелі-матрацтардың 30-дан астам түрін, тәуелсіз серіппелі блок, серіппесіз, мақта, көбік өндіріп, өткереді.

 

Ғимаратты көп уақыттан бері жалға алып жұмыс істеп келген Григорий Повстянко табысын ескере отырып, өзіне ғимарат сатып алу туралы шешім қабылдайды. Сөйтіп, ол «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінеді. Оның өтінішін «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы мақұлдап, несие рәсімдейді. Несие кәсіпкерге «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде берілді.

 

– «Даму» қоры тарапынан қолдау тауып, ойға алған мақсатымды жүзеге асырдым. Бұған дейін ғимаратты жалға алып жұмыс істеп келсем, енді өз жұмыс орным, өз мекемем бар. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,75 пайызды құрайды. Оның 6 пайызын өзім, ал 8,75 пайызын мемлекет субсидиялайды. Бұл – кәсіпкерлер үшін өте тиімді, – дейді ол.

 

Кәсіпкердің айтуынша, зауытта 35 адам еңбек етеді. Сұранысқа қарай зауытта айына 3 мың данаға дейін матрац дайындауға мүмкіндік бар. Дайын өнімнің басым бөлігі Тараз қаласындағы жиһаз сауда орталықтары мен базарларға өткеріледі. Орта есеппен өнімнің 500-600 данасы сауда орталықтарына түскен сәтте-ақ өтіп кетеді екен. Өзге облыстарға да сұранысқа қарай тасымалданып отырады. Отандық өнімнің Қытай мен Ресейден жеткізілетін матрацқа қарағанда сапасы да жоғары екен.

 

– Аймақта біз өндірген өнімге сұраныс жоғары. Сұранысқа қарай жұмыс қарқынын арттырудамыз. Қарапайым халық матрацқа төсеніш құралы ретінде қарайды. Шынтуайтында олай емес. Біз оның медициналық жағынан ондаған түрге бөліп, қатты, жұмсақ және омыртқа, буын аурулары мен басқа да сырқаттардың талабына жауап беретіндей етіп жасаудамыз. Біздің тұрақты алушыларымыз кейде матрацқа арнайы тапсырыс беріп жатады. Ол кезде тапсырыс берушінің жасына, салмағымен сырқатына қарап қолайлы етіп жасап береміз. Жайлы матрац адамның ұйқысын тыныш етеді. Біз отандық нарықты жаулап алу үшін сапаға жұмыс істейміз, – дейді ол.

 

Зауытқа қажетті шикізаттың басым бөлігі Ресей мен Қытай мемлекеттерінен жеткізілсе, он пайызын отандық өнім құрайды. Дайын өнімнің бағасы да халық үшін қолжетімді. Ең арзаны 30 мың теңге тұрса, қымбаты 200 мың теңге. Әрбір матрацтың белгілі мерзімдік кепілдік мерзімі бар. Ол жауапкершілікті зауыт өз жауапкершілігіне алған.

Марат ҚҰЛИБАЕВ. Тараз қаласы.
27.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 177
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 175
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 141
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 285
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 287
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 503
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 461

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9159
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8557
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11784
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9552
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10765