Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқылау ұсынылады.
Аталған заң жобасы нарық жағдайларын ескере отырып, сұйытылған газға баға белгілеу және оны бөлу процестерін жүйелі реттеуге, көлеңкелі экспортты болғызбауға, өңірлерде сұйытылған мұнай газының заңсыз ағынына жол бермеуге бағытталған.
Сондай-ақ, күн тәртібінің жобасындаратификацияланатын заң жобалары бар. Олар: үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттары туралы келісім және Әзербайжанмен өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Атап айтқанда,әлеуметтік және әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодекстер жобасы, конституциялық заңдарғаөзгерістер енгізу, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулер енгізу мен жылу энергетикасы, жергілікті өзін-өзі басқару, жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар. Жұмысқа алынатын заң жобаларының қатарында кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бар.
Суретті түсірген Ж.Жұмабеков