Мәжіліс депутаты тұрғындарды тыңдады

Мәжіліс депутаты тұрғындарды тыңдады

Бүгінде «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдауына жүгінетін адамдардың қарасы аз емес. Мәселесі шешілмеген халықтың базынасына басу айтып, түйінді түйткілдерін шешіп беруде жетекші партия көпке үлгі көрсетіп жүр. Мәселен, партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 73 өтініш түссе, олардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерге, тұрғын үй мен жер телімдері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты болған.

Кеше Парламент Мәжілісінің жақында сайланған депутаты Мұқаш Ескендіров «Amanat» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өңір тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Халық қалаулысының қабылдауында алғашқылардың бірі болған Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылының тұрғыны Амангелді Омаров өзінің осы уақытқа дейін баспанасыз жүргенін айтып, пәтер алуына көмек көрсетуді сұрады.

Жасы 83-ке келген Амангелді ақсақалдың кезегі 1926-шы болып тұрғанын айтқан тиісті мекеме мамандары пәтер алу кезегінде шынында да еш жеңілдік қарастырылмағанын айтып, тек жер алу мүмкіндігі бар екенін түсіндірді.

Тараз қаласының тұрғыны Анар Досымбаева Алматыға баратын трасса маңындағы Талас өзенінің үстіндегі апатты жағдайда тұрған көпірді жөндеуге ықпал етуді сұраса, қаланың тағы бір тұрғыны Оксана Макаева тұрғын үймен қамтамасыз етуді, Құмшағал аймағынан келген Бекмұрат Қошайбаев отбасының жағдайына қарай материалдық көмек беруді сұрады.

Облыс орталығының тұрғындары Бикен Таманова мен Света Тұманбаева жер учаскесін алу мүмкін болмай отырғанын, соған көмек көрсетуді өтінсе, Марат Телеуов «Локомативное депо» мекемесінің жалақысы аздығына наразылығын айтты. Кейбір қалалықтарды көшенің ұзақ жылдардан бері жөнделмей, тұрғындарға жайсыздық тудырып келе жатқаны мазалайтын болып шықты.

Мәселен, Мухаббат Усманова Өзбек, Байзақ батыр көшелерінің жолын жөндеуді, балалар алаңшасын, футбол алаңын салуды, «Ауыл-береке» базары мен ауруханаға дейінгі аралықта қоғамдық көлік жүргізуді, ал, Ұйымхан Ябадиева «Алнұр» моншасы бойындағы көше жолын жөндеуді сұрады. Жамбыл ауданының Шайқорық ауылынан келген Әділет Кенжеғұлұлы өзін жұмысқа орналастыруға, Айнұр Жапарбекова баласының денсаулығына байланысты материалдық көмек және тегін дәрі-дәрмекпен көмектесуге өтініш жасады.

Тараздық Дүйсенбек Ибиналиев сот шешімімен келіспесе, Нина Несветайло учаскелік полиция инспекторының жұмысына наразылығын білдірді.

Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдаған Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров жерлестерін мазалап жүрген мәселелердің мүмкіндігіне қарай шешілуіне ықпал ететінін айтып, мұндай қабылдауларды алдағы уақытта да өткізіп тұратынын жеткізді.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП, Ақ жол газеті
10.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 68
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 70
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 175
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 175
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 316
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 539
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 487

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9191
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8589
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11817
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9586
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10800