МӘЖІЛІСКЕ БІЛІКТІ МАМАНДАР БАРУЫ ТИІС!

МӘЖІЛІСКЕ БІЛІКТІ   МАМАНДАР   БАРУЫ ТИІС!

Қарап отырсам, елдің аузында «Аманаттың» съезі,  Мәжіліске  түскелі жатқан ақындар мен журналистер және бұрынғы биліктің  дәмін татқан  «сарбаздар». Тізімді қарап шығып, аңырап отырмын. Ағайындар-ау, Парламент Мәжілісі деген заң шығарушы орган емес пе? Ол жерге білікті, білімді экономистер, заңгерлер, жүзі жарқын (сатылмаған, сатылмайтын) саясаткерлер жиналуы тиіс қой! Парламент деген  көп жағдайда орындалмайтын (құр сөз күйінде қалатын, елдің бәрі білетін) депутаттық сауал жолдап, мәз болып отыратын жер емес.  Ол – ел мен жердің, тіл мен ділдің тағдыры шешілетін орын.  Тағы айтамын, сайқымазақтар, әзілкештер, КВН-шиктер жиналып алып елді күлдіретін театр емес. Сондықтан Парламентке мемлекеттік тілді білетін, қазақ ұлтының қадіріне жеткен (өзге ұлт өкілі болса да), ұлтшыл  кандидат өткені абзал.  Жаттап алған сөзімен елді дүрліктіріп, ара-арасында «ах-ха-хау», «ех-хе-хеу» деп «тұздықтап» қойып, домбыраны сабалап арқаланатын айтыс сахнасын Парламентпен шатастыруға қарсымын...  

Парламент шынайы айтыс-тартыс болатын, ұлт мүддесі жолында билікпен кетісетін, керісетін орган. Қазірдің өзінде жалтақ-жалтақ еткен, принциптен ада, ақкөт торғайдай ұшып-қонып жүрген  кандидаттардан еш қайыр жоқ...

Қалай десек те таяқ жерге тасталды, аламан сайлау басталды. Таңдау, талдау өз қолыңда, жұртым! 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
02.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 352
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 497
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 341
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 200

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18256
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18114
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33304
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31855
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35572