MediaLab журналистика орталығы ашылды

MediaLab журналистика орталығы ашылды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ҚР Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбекпен бірге MediaLab журналистика орталығының ашылуына қатысты. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтында орналасқан орталықта медиа мамандардың біліктілігін арттыруға қажетті жағдай жасалған. «Естеріңізде болса, Astana MediaWeek форумда біз медиа индустрияны зерттеумен, журналистика және коммуникация саласындағы мамандардың біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысатын орталық ашамыз деген едік. Енді, міне соның орайы бүгін келіп отыр. «MediaLab» орталығы медиа тұтыну паттерндерін ғылыми тұрғыда зерттеуді, журналистердің, әсіресе аймақтағы журналистердің біліктілігін арттыруды, салалық журналистиканы жетілдіруді, баспасөз хатшыларының кәсіби дағдыларын дамытуды көздейді» деп атап өтті Дархан Қыдырәлі. Орталықта журналистика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге де әдістемелік қолдау жасалады. «Біз әлемдегі журналистика мектептерінің озық деген оқу бағдарламаларын «Ашық силлабус» жобасы аясында Қазақстанға әкеліп, үздік кітаптар мен оқулықтарды қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмыз», – деді Д. Қыдырәлі. 

Жиын соңында министрлер білім және ғылым саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

 

РАУАН МУТАИР
23.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 343
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 487
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 332
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 191

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18107
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33296
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31846
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35563