Медицина саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды

Медицина саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың төрағалығымен өңірдің медициналық ұйымдарының бірінші басшыларымен кеңес өтті. Онда “МӘМС" КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Ләззат Алимова 2024 жылға арналған қызметтерді сатып алуға қатысу үшін медициналық қызмет көрсетушілерге қойылатын талаптар мен критерийлер бойынша өзгерістер мен жаңалықтар туралы айтып берді. 

Сондай-ақ, Л.Алимова қызмет көлемін бөлу кезінде индикаторларды есептеудің негізгі көрсеткіштері бойынша қатысушыларды хабардар етті. 

 

Одан кейін Жамбыл облысында жүргізіліп жатқан кәсіби тексерулер мен скринингтердің барысы туралы ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық – санитарлық көмек және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұйымы бөлімінің бас маманы Айдана Аяпова баяндама жасады. 

 

ҚР ДСМ 30.10.2020 ж. № ДСМ-174/2020 бұйрығына сәйкес скринингтік тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы бекіткен 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес өңірде 30-70 жас аралығындағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық аурулары, қант диабеті, глаукома бойынша 101 673 адам қарауға жатады. Мәселен, ағымдағы жылдың 9 айында 95837 адам (94,3%) қан айналымы жүйесінің ауруларын анықтауға скринингтен өткен. 5155 адамнан -( 5,4%) жүрек-тамыр жүйесінің аурулары анықталып, 5091 адам (98,8%) диспансерлік есепке алынған. 

 

Жамбыл облысында акушерлік көмекті ұйымдастыру туралы баяндаманы ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша басқарма басшысы орынбасары м.а. С. Қоңқашева айтты. 

 

Кездесу соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж. Оспанова халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін жұмыс бағыттарын белгілеп, тиісті басшыларға ұсыныстар мен тапсырмалар берді.

27.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722