Мейірім мен достықтың мерекесіне айналды

Мейірім мен достықтың мерекесіне айналды

Елімізде көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесі 2016 жылдан бері атап өтіледі. Бұл күн – тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына алғыс айтатын күн. Дәл осы күнде Қазақстан Ассамблеясының құрылуы да тегін еместі. Көп ұлтты зайырлы мемлекет ұстанымы мен символы – бейбіт өмір мен достық. Алғыс айту мерекесінің актуалды тұстары мен көптеген жағымды жақтары бар. Бұл мерекенің астарында адами құндылықтарымыз бен қасиеттерімізді жандандыру, жаңғырту мәселелері жатыр. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірім, достастық және махаббат таныту мерекесі болып қалыптасты. Рухани адамгершілікті, сыйластықты алмағайып заманда адамзат бір-бірімен ұлт пен ұлысқа бөлінбей, бірігу қажеттілігінің маңызын түсінді. Ақпараттың қарыштап тұрған заманында рухани құндылықтарымызды жастар санасына сіңіріп, мейірімділіктің ең қарапайым қағидаты – алғыс пен рақмет айтудың озық үлгілерін таныту қажет. Осы тұрғыдан алағанда, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті білім беруде – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың көптеген тетіктерін қарастырады.  Студенттермен бірігіп тәрбие бағытында атқаратын іс-шаралар қатарында Алғыс айту мерекесіне орай «Ата-анама мың алғыс» суреттер көрмесі, алғыс хаттар мен эсселерге арналған «Алғыс жәшігі» және де «Жаныңда жүр жақсы адам» атты ел ықыласын алған қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылып келеді.  Сондай-ақ, жыл бойына адами ізгілікке тәрбиелеуде «Өнер және спорт» факультетінде жасақталған волонтер студенттерінің қатысуымен «Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет» атты акция өткізіліп жүр. Университетімізде 20-ға жуық ұлт өкілдерінің жастары оқиды.  Осы ретте салыстырмалы түрде айта кетсем, Еуропа, Азия мемлекеттеріндегі университеттердің бірде-біреуінде студенттерге арналған тәрбиелік маңызы бар кешенді жұмыстар жүргізілмейді. Ал, біздің елдің жоғары білім ордаларындағы шетел студенттері мен өзге ұлт өкілдерінің қоғамдық жұмыстарға атсалысып, өзінің азаматтық позициясын ашық айтуға барлық мүмкіншілік бар.  Алғыс айту мерекесіне деген өз ойларын, «мұндай мереке достық пен татулық мерекесі» деп, жүрекжарды тілектерін жеткізеді. Иә, расында, ғылым мен білім ақ желкенін әлем кеңістігінде самғатып қана қоймай, достық пейіл қарым-қатынасын орнатудың маңызын түсінген жастарымыз үшін «Алғыс айту» мерекесінің құны қашан да қымбат.

 

Айгүл МАҚАШОВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Өнер және спорт» факультетінің тәрбие жөніндегі декан орынбасары, «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының аға оқытушысы.
28.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 97
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 107
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 567
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 514

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9217
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8613
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11839
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9609
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10822