«Облыс әкімі Ералы Тоғжанов қаланы аралау кезінде кемшіліктерді жоюға тапсырма берді», – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ана мен баланы қорғау орталығында болды. Мұнда жылыту маусымына дайындықтың қанағаттанарлықсыз болғаны, бөлімшелердің салқын екені, терезелерінен жел соғып тұрғаны анықталды. Облыс әкімі орталық басшысына шүйлігіп: «Сіз жылыту маусымына дайын деген құжатқа қалай қол қойдыңыз?! Мұнда адамдар, әсіресе балалар емделуге келеді, ем қабылдайды. Ал қазір керісінше бәрі тоңып отыр. Үш күннің ішінде мәселені шешіңіз, палаталарда нормаға сәйкес, жылы температура болуы тиіс. Білім мекемелерінің арасында №3 және №53 мектептерде де жылумен қамту туралы проблема бар. Мәселен №53 мектепте терезелерінен жел соғып тұр. Спорт залдың жылыту жүйесі аяз кезінде қатып қалған. Бүгіннен бастап спорт залға жылу беріліп, ал екі күннен соң терезелер жөнделіп, ғимараттағы температура қалыпқа келуі тиіс. №3 орта білім беру нысанының спорт залында температура +14+15 градустан аспайды. Жақын күндері жылыту жүйесінің айналымын дұрыстайтын сорғы іске қосылады. Сөйтіп бұл мәселе реттеледі», – деп, бұл мәселені жіті бақылауына алатынын мәлімдеді.