Елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Ал мектептің жүрегі – мұғалім екені даусыз.
Шәкірт ұстазға қарап өседі. Оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, еңбекқорлық керек.
Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназиясында осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздар жетерлік.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, ұстаздарымыз мағыналы, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде.
Бүгін облыстық білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесі осының айқын дәлелі екені растады.
Нақтырақ тоқталсақ, бүгінгі кеңесте жаңа 2023-2024 оқу жылында қойылған мақсаттар қарастырылып, білім саласының мәселелері талқыланды.
Салалық министрліктің бастамасымен «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тақырыбындағы биылғы тамыз кеңестері өзгеше форматта ұйымдастырылып өткізілуде.
Бүгінгі салтанатты шарада аймақ басшысы Нұржан Молдиярұлы және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілі Майра Мелдебекова өңірдің үздік білім беру ұйымдарына арнайы сертификаттар мен саланың бірқатар озық педагогтары, ардагер ұстаздарына мәртебелі марапаттар тапсырды.
👏2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша «Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімдлігін бағалау» рейтінгісінің нәтижесінде ең жоғарғы көрсеткішке ие болған 5 білім мекемесінің еңбек ұжымы қатарында біздің №5 мектеп гиманзиясы «Ең үздік қала мектебі» номинациясын жеңіп, 1 000 000 млн. тг қаржылай сыйақымен марапатталды.
Бұл мектебіміздегі ұжымның жетістігі. Өйткені биыл біз пән олимпиадасы және ғылыми жоба байқауларынан республика бойынша тоғыз оқушымыз, екі оқушымыз халықаралық байқаулардан жүлделі орындар алды.
Жетістіктеріміз сараланып соның нәтижесінде республиканың жүз үздік мектебінің қатарына еніп, бүгін қаладағы ең үздік мектеп номинациясын жеңіп алдық.
Бұл да болса пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің ерен еңбектерінің арқасы.
М. Жұмабаев: «Баланы мұғалімнің өзіндей қылып шығармай , келешек заманына лайықтап дайындау керек» деген екен.
Сондықтан қазіргі оқушылар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.
Отбасының да, мектептің де, қоғамның да мақсат- мүддесі біреу, ол — заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
Болашақта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, білімнің биік шыңдарын бағындыра беру біздің басты мақсатымыз.
Осындай уақытпен санаспай, еліне қалтқысыз қызмет етіп, жас ұрпақты бақытқа жетелеп жүрген ұстаздарға, ұжымыма шексіз ризалығымды білдіріп, толағай табыс, шығармашылық шабыт тілеймін.
Еңбектеріңіз жансын, мәңгілік елдің ізбасарларын тәрбиелеп жүрген, ұлағатты ұстаздар!