Кентау қаласында жалпы саны 40-қа жуық мемлекеттік білім беру нысаны бар. Оның ішінде 23 мектеп болса, қалған 14-і балабақша, 3 мектептен тыс мекеме бар. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы бірқатар білім мекемелерінің нысандарын аралап, қысқы маусымға дайындық барысымен танысты.
Қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне 26 білім ошақтары қосылған. Қалғаны шағын қазандықпен жылытылады. Сондай-ақ биыл 2 мектепке газ қазандықтарын орнату бойынша жұмыстар атқарылуда. Қаладағы Д.Қонаев атындағы мектеп пен А.Молдағұлова атындағы №19 мектептің техникалық құжаттары мен жобалық сметасы жасалып, қаржы бөлінген. Бүгінде газбен жылыту жүйесін енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ал Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептердегі анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мамандар жөдеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа оқу жылына дайындап жатыр.