Мемлекет басшысы Мырзатай ауылындағы құс фабрикасының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Мырзатай ауылындағы құс фабрикасының жұмысымен танысты
 0 25

Президент Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасына барды. Мемлекет басшысы өндіріс орнындағы цехтарды аралап көрді. Президентке құс фабрикасының жетекшісі Фарида Жүнісова кәсіпорынның жұмысы туралы баяндады.

Қазіргі уақытта голланд технологиясымен 1 миллион балапан өсіретін өндіріс орнында 250-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын 8 мың тонна бройлер етін өндіреді, сондай-ақ өнім ішкі нарыққа жеткізіледі және Ресейге, Қырғызстанға экспортталады. Биыл құс фабрикасының өндірістік қуатын 12 мың тоннаға дейін арттыру үшін жалпы құны 1,4 миллиард теңгені құрайтын 6 нысан салу жоспарланып отыр. Кәсіпорын жұмысымен танысу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құс шаруашылығының дамуы жөнінде мәлімет берілді.

akorda.kz
03.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

СМАРТФОН СЫЙЛАДЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2023 32
Ауыл шаруашылығын дамыту  — негізгі мәселенің бірі
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 03.12.2023 35
Пікір сайыс қозғалысы
Жомарт Зұлпыхар - 02.12.2023 54
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1739

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4186
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3834
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3992
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3926
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3999