Мемлекет қолдауының мүмкіндігі мол

Мемлекет қолдауының мүмкіндігі мол

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жастарға ерекше басымдық берілу керектігі айтылған. «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыруымыз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», деген болатын Президент Жолдауында.

Өткен жылы елімізде өткізілген жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды. Бұл ең әуелі жастарға зор серпін берді.

– Биыл ел Президентінің Жолдауына сәйкес, жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беру жоспарланып отыр. Осы мақсатта облыс бойынша 347 адамға 1735 миллион теңге көлемінде микрокредит беру жоспарлануда. Біздің ауданда шағын несие жоспар бойынша 19 адамға беру көзделуде. Бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жастарға арналған жаңа кредит «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы берілетін болады.

Несиені берудің негізгі шарттарына тоқталар болсақ, шағын несие мерзімі – 5 жыл. Оның ішінде мал шаруашылығына берілетін шағын несие 7 жылды құрайды. Шағын несиенің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз. Шағын несие кепілмен қамтамасыз етіледі, – дейді аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ерік Баймаханбетұлы.

Несие алушыларға шағын несие беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең де қаралған. Микрокредит беру жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айынан бастау алып отыр екен.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда қайтарымсыз гранттар да әлеуметтік осал топтарды қолдаудың ең тиімді құралдарының бірі болып отыр. Өткен жылы облысымызда 2634 адамға 3227,2 миллион теңге қайтарымсыз грант берілсе, оның 1932-сін жастар құраған, ал 702-сі әлеуметтік осал топтағы азаматтар. Ерік Баймаханбетұлының айтуынша, Жуалыда жоспар бойынша өткен жылы кәсіпкерлік бастамашылыққа қайтарымсыз мемлекеттік гранттардың 182 азаматқа берілуі жоспарланған. Ол үшін республикалық бюджеттен жалпы 231,5 миллион теңге қаралған екен.

Грант беру бойынша жалпы 177 қатысушының бизнес-жобалары мақұлданған. Оның 130-ын жастар, 47-сін әлеуметтік осал топтағы азаматтар құраған. Жалпы, ауданда былтыр 177 адамға 216 миллион 860 мың 400 теңге көлемінде гранттар беріліпті. «Бизнес Бастау» жобасы аясында қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне өткен жылдың 25 шілдесінен бастап онлайн режимінде 1191 адам оқытылып, 891 адам сертификатқа ие болған екен.

Грант алушылар 3616 бас мүйізді ірі қара, 11204 бас қой-ешкі, 689 бас жылқы, 10329 бас құс сатып алып, өз кәсіптерін бастап кетсе, оның ішінде ауданда грант 177 азаматқа комиссия шешімі бойынша мақұлданды. 130 жас мал бойынша несие алды. 33 жас ұсақ мал, 36 жас мүйізді ірі қара, 21 адам жылқы өсіруге өтініш берген. Бұдан бөлек, егін, алмабақ, көкөніс өсіру, сұлулық салоны, шаштараз, сабын өндіру кәсібі, тігін шеберханасы, тез тамақтану және нан өнімдері мен автокөлік жөндеу орталықтары ашылған.

Сонымен қатар, құрылыс заттарын өндіру, массаж орталығы, қолқап өндірісі, пластик терезе жасау, тауық өсіру, балық шаруашылығы, ұялы телефон жөндеу қызметі, жылжымалы ағаш тілу қызметі сынды жобалар да бар. Сандық бағдарламалық басқару қызметі, калифорниялық жауынқұрт шаруашылығы және 47 әлеуметтік осал топтарына жататын 16 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да кәсіп ашуға мүмкіндік берілген.

Жалпы, осы аталған кәсіптерді ашу үшін ауданда мемлекеттік грант алып өз кәсіптерін бастауға 216 миллион 860 мың 400 теңге қайтарымсыз гранттар берілді. Бұл өз кезегінде облыста ғана емес, ауданымыздағы кәсіпкерлік субъектілерінің, өзін-өзі нәтижелі жұмыспен қамтығандардың артуына, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етіп отыр.

– Биыл облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына, яғни 1054 адамға 1454,5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарланған. Оның ішінде 73 грант ауданымызға тиесілі. Грант қаржысы облыстағы өзекті кәсіпкерлік бағыттары бойынша берілетін болады, – дейді Жуалы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Ерік Сурамысов.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ Жуалы ауданы
28.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 80
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 85
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 186
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 186
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 328
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 550
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 497

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9201
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8598
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11825
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9595
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10808