Мемлекеттік грант иегерлерінің басым бөлігі ЕҰУ-ды таңдады

Мемлекеттік грант иегерлерінің басым бөлігі ЕҰУ-ды таңдады

Елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті биыл да еліміз бойынша ең танымал әрі сұранысқа ие жоғары оқу орны мәртебесін сақтап қалды. 2026 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурс қорытындысы бойынша бұл оқу орны рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Биыл Еуразия ұлттық университетін шамамен 4500 грант иегері таңдаған. Бұл – Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі ең жоғары көрсеткіш. Айта кетерлігі, оқуға түскен дарынды жастардың сапалық құрамы өте жоғары. Университет табалдырығын аттаған талапкерлердің 3500-ге жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) 100-ден 140-қа дейінгі ең жоғары балл аралығында нәтиже көрсеткен.

Бүгінгі таңда жастар арасында еңбек нарығының талабына сай келетін практикалық мамандықтарға сұраныс жоғары. Биылғы грант иегерлері де ЕҰУ-дағы келесі негізгі бағыттар бойынша білім беру бағдарламаларын көптеп таңдаған:

Педагогика және тәлімгерлік;

Инженерия және өндіріс;

Өңдеуші өнеркәсіп пен құрылыс;

Жаратылыстану ғылымдары.

Университеттің үшінші жыл қатарынан үздік нәтиже көрсетуі туралы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов өз ойын былай деп білдірді:

"Үшінші жыл қатарынан ЕҰУ-ды ҰБТ-дан ең жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлер таңдауда. Бұл – мектеп түлектері мен олардың ата-аналарының университетке деген сенімінің айқын көрінісі. Жекелеген білім беру бағдарламалары бойынша шекті баллдың 127-ге дейін көтерілгеніне қарамастан, бұл үрдістің сақталуы ерекше маңызды. Бұл дарынды жастардың ЕҰУ-да білім алуға деген жоғары қызығушылығын дәлелдейді», – деді университет басшысы.

Еуразия ұлттық университеті заман ағымына сай білім бағдарламаларын үнемі жаңартып отырады. Жаңа оқу жылында магистратура деңгейі бойынша еліміз үшін өзекті екі жаңа бағдарлама іске қосылады. Олар: «Жарық техникасы» және «Цифрлық криминалистика» мамандықтары. Бұл бағыттар болашақта отандық ғылым мен технологияның дамуына үлкен серпін бермек.

Жалпы алғанда, бүгінде қара шаңырақта білім берудің барлық сатысы қамтылған. Оқу орнында:Бакалавриаттың – 86 бағдарламасы;

Магистратураның – 118 бағдарламасы;

Докторантураның – 59 бағдарламасы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, іскерлік орта мен басқарушы кадрларды даярлайтын EMBA, MBA және DBA бағыттары бойынша 13 арнайы білім беру бағдарламасы жұмыс істейді. ЕҰУ-дың бұл көрсеткіштері оқу орнының ел игілігі үшін сапалы маман даярлаудағы көшбасшылық орнын тағы бір мәрте айқындап берді.

10.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 262
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 184
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 192

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26855
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26297
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43676
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39456
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44059