Мемлекеттік қызметкер, Инабатты келін

Мемлекеттік қызметкер, Инабатты келін
Ақын да, батыр да анадан туған. Сондықтан, талбесіктен тәрбие беретін келіндердің шеберлігін шыңдау – өнегелі іс. Осыны мақсат тұтқан мойынқұмдықтар жас келіндер арасында сайыс өткізген болатын. Ауданымыздың Жамбыл ауылында өткен байқауда озық өнер, білімімен Қарабөгет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айдана Динистанова да сынға түсті.
Қарабөгет ауылының келіні, отбасының берекесі, үш баланың анасы Айдана байқаудың сиыр сауу кезеңінде 2 минутта 3,5 литр сүт сауып, келіндер арасында жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Бұл байқауда ұлтымызға тән барлық жақсы қасиеттер бойынан табылатын қазақ келіндері халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін насихаттап, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу бойынша бақ сынады. Сондықтан мұндай сайыстардың тәрбиелік мәні зор.
Алуа ГАУХАРБАЙҚЫЗЫ, «Мойынқұм таңы».
08.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6598
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6030
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9235
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7020
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8231