ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының және Мойынқұм ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8-9 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай мемлекеттік әкімшілік қызметшілер арасында волейболдан облыстық турнир өткізілді.
Жарысқа облысымыздың 9 ауданы мен Тараз қаласынан жалпы 10 команда қатысты.
Ойын қорытындысына сәйкес:
Мойынқұм ауданы
Меркі ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Жарыс жеңіпаздары Мойынқұм ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің дайындаған арнайы грамота медаль және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.