Мемлекеттік қызметтегі жүйелі реформалар мен мәселелер талқыланды

Мемлекеттік қызметтегі жүйелі реформалар мен мәселелер талқыланды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаймен бірге мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады.

Облыс активі және агенттіктің облыс бойынша департаменті мен Мемлекеттік басқару академиясы филиалының қызметкерлерімен өткен кездесулерде мемлекеттік қызмет саласында «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына сай келетін жүйелі реформалар жүзеге асырылып жатқандығы айтылды.

Басқосу барысында мемлекеттік аппараттың жұмысын бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметті алуда әкімшілік кедергілерді жою және халықтың билік институттарына деген сенім деңгейін арттыру мәселелері назарға алынды. «Мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртудың басты мақсаты – халық үніне құлақ асатын мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» екендігіне көңіл бөлінді.

Дархан Жазықбайдың айтуынша, өткен жылы «е-Qyzmet» жүйесін жаңғыртуда кешенді жұмыстар жүргізіліп, сыртқы порталда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленген және  конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралған. Жаңа жүйеге биыл 22 мемлекеттік орган қосылса, Жамбыл облысы бұл жүйеге келесі жылы қосылады деп жоспарлануда.

Ербол Қарашөкеев мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру мен мемлекеттік қызмет жүйесіне заманауи технологияларды енгізу ісін белсенді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімі мен агенттік төрағасы Тараз қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қызмет алушылардың заңды құқықтарын сақталуы мен ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету барысымен танысты.

Айта кетейік, бүгінгі таңда мұндағы 1414 бірыңғай байланыс орталығына жыл басынан бері тұрғындардан 449 158 қоңырау түссе, есепті кезеңде 1354 мемлекеттік қызмет түрі бойынша онлайн кеңес берілген. Бұдан бөлек, аталған орталық 61 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Бұл күні Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта жергілікті зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, студенттер, еріктілердің қатысуымен  ағаш көшеттерін отырғызу рәсімі өтті. Дәл осындай игі шара және экологиялық тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
19.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 937

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9010
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8405
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11631
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9389
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10615