Мемлекеттік сатып алу оңтайландырылуда

Мемлекеттік сатып алу оңтайландырылуда

Үстіміздегі жылы облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы 1392 лот бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын жариялаған. Бүгінде оның 489-ның қорытындысы шығып үлгеріпті. Жалпы, жоспарланған лоттардың ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларына және тұрғын үй, инженерлік коммуникациялар мен сумен қамтамасыз ету нысандарына жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров баяндады.

– Өңірімізде сатып алуларға байланысты облыста тіркелген мердігерлермен 372 лот бойынша келісімшарт жасалды. Ал, басқа облыстарда тіркелген мердігерлермен 117 лот бойынша келісімшартқа қол қойылды. Жыл басынан бері өткізілген мемлекеттік сатып алулардың нәтижесінде барлығы 1,4 миллиард теңге қаржы үнемделді, – деді Жайықбай Шалдарұлы.

Айта кетейік, мемлекеттік сатып алу заңмен реттелген әрі қатаң ережесі бар, тапсырысшы мен әлеуетті өнім берушінің арасындағы ұзақ процесс. Сондықтан, қазіргі таңда мұны мейлінше оңтайландыру шаралары қолға алынуда. Нақтылай түссек, бүгінде сатып алудың қолайлылығы мен ашықтығы үшін веб-порталда әлеуетті өнім берушілерге, конкурстық құжаттаманың жобасын талқылауға, алдын ала рұқсат беру хаттамасының талаптарына сәйкес конкурстық өтінімді түзетуге және конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда уәкілетті органға жүгінуге мүмкіндік беретін сатып алу кезеңдері көзделген. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алудың рәсімін жеңілдету және бәсекелестіктің адалдығын қамтамасыз ету мақсатында «электрондық дүкен» мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық жүйе енгізіліп отыр.

«Aq jol»-Aqparat».
09.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9192
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8590
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11818
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9587
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10801