«Мемлекеттік тіл және БАҚ – 2022» жеңімпаздары анықталды

«Мемлекеттік тіл және БАҚ – 2022» жеңімпаздары анықталды

Дәстүрлі бұл байқау биыл алты Алаштың айбыны, ұлт ұстазы қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, ұлттық жазудың реформаторы, «Әліппенің атасы» Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды. «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деп тағдырын қазақ халқының жолына құрбан еткен Ахмет Байтұрсынов тойы биыл ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатыр. Елімізде де әр жерде Алаш арысының атын ұлықтаған орай түрлі іс-шаралар мен ғылыми танымдық конференциялар өтіп жатыр.

5 қыркүйек, Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «ТілҚазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесе ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы қорытындыланды.

Жиынның ашылу салтанатында құттықтау сөз алған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов:

– Биылғы тіл мерекесінің халқымыздың жазу мәдениетін жаңа деңгейге көтерген, қазақ әліпбиінің негізін салушы – ұлт ұстазы, еліміздің азаттығы үшін күрескен Алаш көсемі, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында өтуі ұлт рухын көтеретін рухани серпіліс болды. Себебі кезінде кемеңгер Мұхтар Әуезов: «Оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі» деп бағалаған Ахмет Байтұрсынұлының сан салалы асыл мұрасы ғылымның сара жолын ашып, мәдениетімізді жаңа биіктерге көтерсе, Сіздер бүгін сол Алаш зиялылары бастаған ұлт баспасөзінің дәстүрін сәтті жалғастырып, рухани мәдениетіміздің ажырамас бөлігі мемлекеттік тілімізді насихаттауға, оның қолданыс аясын кеңейтуге үлкен үлес қосып келесіздер, – деді. 

Биыл «Мемлекеттік тіл және БАҚ – 2022» байқауына 75 қатысушыдан 153 материал ұсынылды.

Байқаудың бір ерекшелігі, еліміздегі және шетелдердегі ақпараттық кеңістіктегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасына байланысты мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерінде жазылған материалдар қабылдау енгізілгені, алдыңғы жылдармен салыстырғанда, қазақ тіліне қатысты мәселелерге қалам тербейтін журналистер қатарын көбейтті.

Солардың ішінен жеңімпаз, жүлдегерлерді анықтауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Дархан Мыңбай мен Жанарбек Әшімжанов, қарымды қаламгер, белгілі журналист Қайнар Олжай, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Намазалы Омашев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазин қазылық етті.

Әділқазылардың айтуынша, жүзден озған жүйрікті таңдау оңайға түспеді. Қызу талқылау, терең талдаудың нәтижесі бойынша Бас жүлдені Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінің тілшісі Әбдір Шапағат жеңіп алып, оған 1 000 000 теңгенің сертификаты табыс етілді. Сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші орын алған жүлдегерлер мен барлық қатысушыларға ақшалай сыйлықтар берілді.

Ұлт ұстазы өзінің 1913 жылғы «Білім жарысы» деген мақаласында: «Неше түрлі ғылым, өнер – бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рақатын молайту үшін шығарған нәрселер. Ғылым, өнер артылған сайын, дүнияда бейнет кемімекші. Осыған ақылы жетіп, есі енген жұрттар ғылым мен өнерді бірден-бірге асыруға тырысады. Асыру үшін әртүрлі істер істейді. Сол істердің бірі – білім жарысы», – деп жазған екен. Қазіргідей бәсекеге құрылған нарықтық қоғамда білім жарысында оза шауып, еліміздің мәртебесін асқақтату білімді, білікті жастарға аманат. Ал білім жарысы Алаштың аяулысы, ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтай алыптың есімін ұлықтап, ана тіліміздің абыройын асқақтатқаны құптарлық дүние. 

Арай АСПАН
08.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 45
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 41
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 46
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 144
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 149
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 335
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 328
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 952

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9027
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8423
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11651
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9407
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10633