МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНБЕК

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ӘЗІРЛЕНБЕК

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) экономиканы дамыту үшін инвестициялар тартудың маңызды құралы болып табылады. Ол әріптестік инфрақұрылымды, оның ішінде әлеуметтік саланы дамытудың басты тетігі болуы тиіс. Сондай-ақ заманның өзгеруіне байланысты бізге мемлекеттік-жекешелік саласындағы әрбір инвестор үшін күресуге де тура келеді.

Елімізде алдағы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы бірсыпыра жаңа әлеуметтік объектілер ашу жоспарланып отыр. ҚР Премьер-Министрі әлеуметтік саладағы МЖӘ-ні дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды.

Аталған құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жеке инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қабылданды. Кешенді жоспарда жобаларды сметалық құнының 30%-ы көлемінде мемлекет тарапынан қоса қаржыландыру көзделген. Қалған 70%-ын жеке серіктес тартуы керек.

Жоспарда жоғары білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, спорт және білім беру салалары бойынша жалпы 43 объект қамтылған. Құрылыстан кейін жеке серіктестер 10 жыл бойы техникалық қызмет көрсетуді басқарып, қамтамасыз етеді. Ал, объектілер пайдалануға берілгеннен кейін мемлекеттік меншікке өтеді.

Мәселен, 7,9 мың орынға арналған студенттік 9 жатақхана салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында жаңа жатақханалар ашылмақ. Атап айтқанда, 2023 жылы 10,4 мың орындық 43 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Жалпы, барлық қаржы көздері есебінен 2028 жылға дейін 55,5 мың орын пайдалануға берілетін болады.

Сонымен қатар жаңа 3 емхана мен 3 оңалту орталығын ашу көзделіп отыр. Бұл азаматтарды медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Спорт саласында жаңа 8 спорт залын іске қосу жоспарланған. Білім беру жүйесінде 5 оқу-сауықтыру орталығын, 5 оқушылар сарайын және 10 өнер мектебін салу бойынша жобалар іске асырылады. Барлық бағыттар бойынша жаңа объектілердің жалпы құны 261 млрд теңгеден асады.

Тағы бір жағымды жаңалық, әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің кешенді бағдарламасы әзірленетін болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде айтты.

«Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет. Мен бұл туралы осыған дейін де талай рет айттым. Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қаражаты. Біз оның ресурстарын тек қажетті жағдайларда, дағдарыс кезеңдерінде пайдалануымыз керек. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және жан басына шаққандағы қаржыландыру институтын, әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымға инвестициялар тарту үшін толық көлемде пайдалану қажет.

Өткен жылдың желтоқсан айында мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа моделін енгізуге бағытталған заңнамалық түзетулерге қол қойдым. Жеке әріптестерді іріктеу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданды, квазимемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы шектелді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айтуынша, бұл шаралар бизнесті мемлекеттік жобаларды іске асыруға тартуға мүмкіндік береді.

«Бұл құрал жаңа ұлттық жобаларды іске асыру кезінде барынша пайдаланылуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік салада мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің кешенді бағдарламасын дайындауды тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Әлеуметтік жобалардың тартымдылығын арттыру жөніндегі пәрменді шара мемлекеттік-жекеменшік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік субъектілерінің табыс алу көздері болып табылады.

Бұдан өзге, МЖӘ жобаларында жеке сектордың қосымша табыс алу үшін коммерциялық үй-жайларды орналастыруға мүмкіндігі бар.

kzppp.kz сайтында орналастырылған статистикаға сәйкес, елдегі МЖӘ-ні дамытуға жеке инвесторлардың қаншалықты белсенді қатысатынын қарастыруды ұсынамыз. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заң қабылданғаннан бастап 5 жыл ішінде МЖӘ бойнша 785 жоба жасалды, оның ішінде жеке қаржылық бастама схемасы бойынша МЖӘ 347 жобасына бастама жасалды, бұл 44%-ды құрады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жеке инвесторлар денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларды қолға алуда.

МЖӘ-нің құралы бүгінгі күні ашық, икемді, сонымен қатар халық үшін өзекті мәселелерді шешуде өте маңызды. МЖӘ механизмдері мемлекет үшін де, бизнесті дамыту үшін де бірқатар артықшылық ұсынады. Екі тараптың да қызығушылығы орынды. Жеке сектор үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер және тиісінше жаңа кіріс көздері ашылады. Мемлекет бюджетті әлеуметтік маңызы бар объектілерге салынған жеке капиталдың көмегімен оңтайландыра алады, сол арқылы өзінен қаржылық жүктемені алып тастайды.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
22.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 46
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 97
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 30
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МАШИНА ТЕХНИКАЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 127

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3439
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3650
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18572
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17257
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20676