«Анаға тағзым» орталығы мен Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М.Шолохов атындағы кітапханасының ұйымдастыруымен шығармашылық кеш өтті.
Кешке қатысқан кітапхана оқырмандары елімізге белгілі және өңірімізден шыққан ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ,
№36 орта мектебінің оқушысы Аружан Марат пен «Тараз-Ғасыр» колледжінің студенті Айзат Мұхтар жүрекжарды жырларын оқыды. Қыздар отан, туған жер тақырыбындағы мақал-мәтелдерді жарыса айтты.
Кітапхана қызметкерлері «Жыр жазамын жүрегіммен» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Онда Нарша Қашағанұлының «Бітпейтін кітап», Айша Көпжасарованың «Ана жүрегі», Күләш Ахметованың «Менің сәулелі сәттерім», Ғайни Әлімбекқызының «Жыр айна», Маралтай Райымбекұлының «Тарпаң», Жанғазы Ахметовтың «Мен сондаймын!», «Жамбылдың жауқазын жырлары» кітаптары бар.
Бұл кеште қазақ деген ұлы халықтың тектілігі мен өршіл рухын жырға қосқан ақындардың өлеңдері насихатталды. Поэзия әліміне ұшқыр да, тапқыр дарынымен ерекшеленген ақынның өлеңдерін тыңдаған оқырман тебіреністі әсер алып қайтты.